taza-kaz






03.06.2017

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты жолдауында “Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бұл - тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын» деп баса айтып кеткен еді. Өткенді екшеп, жадымыздан шығармай, келешек ұрпаққа жеткізу біздің міндет болмақ. 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Ақтөбе орта мектебінің оқушылары ҚарЛаг-қа барып қайтты. Долинка даласында менмұндалап көрінген үйлер мен ескі орындар өткен уақыттың боямасыз кейпін көңіл мен санаға әкеп қайта-қайта сала береді. Маңдайшасына қызыл жұлдыз түскен ақ үйдің сырты суық тартып, талай сұмдықтың сырын бүккендей. Бұл үй талай бейкүнә жандардың көз жасы мен қыршын өміріне куә болып, тас қабырғаларына бар шындықты жасырып қойған. Өткеннің ауыр шындығына көз жүгіртіп, көкірек көздеріне адамгершіліктің жауқазын қасиетін ұялатқан оқушылар тарихтың қаралы парақтарына шолу жасады. Десек те, тарих түзеуді қажет етпейді, солшыл саясаттың құрбандарын еске алып, ауыр өмірін көрген бүгінгі ұрпақ кешегінің қадірін білер деген үміттеміз. Төлеубеков Қадыржан – мектеп парламентінің президенті: - Қарағанды лагеріне барып, сол жылдары өмір кешкен қандастарымыздың қиын да, қатал тағдырына, шынайы болмысына куә болдық. Зұлматты өз көзімізбен көрмесек те,сол уақыттағы қиыншылықтарын оймен екшедік. Біз, болашақтың жастары, заманымыздың өзгергеніне қарамастан, тарихымызда өткен зобалаңның құрбандарын жадымызда ғана емес, жүрегімізде де сақтауымыз керек,-деген болатын. А.Жүнісова, Қ.Абилова, Ақтөбе орта мектебі



Страницы: 12
Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?