taza-kaz

Жаңалықтар

Новости

Бір жыл бұрын, 2024 жылдың алтыншы қыркүйегінде көлемі жағынан өте үлкен аумақтың дамуына жауапкершілік алып, Ерлан Құсайын Бұқар жырау ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.

Бір жылдың жұмысы артта қалған уақытта, белгілі бір кезеңнің аралық қорытындысын жасаудың уақыты келіп тұр, алдағы дамуға жоба белгілеп, аса маңызды нәрселер жөнінде ойлармен бөлісудің сәті келді. «Бұқар жырау жаршысы» газетіне сұхбатында Ерлан Құсайын бір жыл ішінде қандай жұмыстар атқарылғанын, болашаққа жоспарлар туралы айтып берді. 

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Құдайберген Бексұлтанов пен Бауыржан Смағұлов өңірімізге жұмыс сапарымен келді. Парламент Мәжілісінің депутаттары аудандық мәслихат төрағасы Асхат Әлимен бірге Ботақара ауылындағы «Ақнар» құс фабрикасының тыныс-тіршілігімен таныстырып, еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Бұқар жырау ауданында аудандық және кентішілік маңызы бар автожолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Биыл 50 шақырымға жуық жол жабынын ретке келтіру жоспарланған.

22 маусымда Бұқар жырау ауданының алты елді мекенінде әкімдер сайлауы өткен болатын. Сол күні кешке сайлаудың қорытындысы шықты.

24 маусымда аудан әкімінің орынбасары Серік Амралин Қарақұдық, Шешенқара, Бұқар жырау ауылдарына барып, ауылдың жергілікті басқару мүшелері мен ауыл белсенділерін, мекемелерінің басшыларын жаңа әкімдерімен таныстырды.

Қазақстанда Мемлекенттік қызметші күні 2013 жылы бекітіліп, содан бері  жыл сайын аталып өтіліп жүр. 2003 жылдың наурызында БҰҰ Бас Ассамблеясы 23 маусымды Мемлекеттік қызмет күні деп жариялаған қарар қабылдаған.

Интервью




Фоторепортаж


Оқиғалар











Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Газеттің
соңғы
нөмірі
.pdf
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Ауданымыздағы қандай мәселе сізді алаңдатады?