
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Рухани жаңғыру
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Мамандықтың абзалы – ұстаздық
07.10.2024
Туыртай Хадан – Әлкей Марғұлан атындағы мектептің ұстазы. Педагогикалық еңбек өтілі 40 жыл.
Мектеп директоры Айнұр Жанғалова:
- Бұл кісі маған Қоянды ауылында сабақ берген ұстаз. Қазір осы ұстазыммен бір шаңырақтың астында бірге еңбек етеміз. Ұжымға сыйлы, білікті, зейнет жасына жетіп қалған тәжірибелі ұстаз, - деп таныстырды.
Бұл ұстаз - ата-бабасының туған еліне 1990 жылдардағы ұлы көшпен аңсап, зарығып жеткен азамат. Екі бауыры, бір қарындасымен Қоянды ауылына келген оны Қоянды мектебінің ұжымы жылы қарсы алған екен.
- Сол кездегі адамдар үшін мұғалімдер қадірлі болды ғой. Осындай ұстаздарға қарап өстік. 80 жылы оныншы сыныпты аяқтап, Монғолиядағы педагогикалық институтқа түстім. Төрт жыл оқып, оқу орнын аяқтадым. Ұстаздық еңбек жолым Баян-Өлгий өлкесінде 1984 жылдан бастау алды. 1992 жылы Қоянды мектебіне орналастым, - дейді ұстаз бізбен әңгімесінде.
Туыртай Хадан - тарих пәнінің ұстазы. Ұстаздың таңдаған мамандығы адам баласының өткенін зерттеумен айналысады. Мектептерде тарих пәнінің оқытылуы өте маңызды. Бұл пән балалар үшін қызықты пән болып табылады. Елінің өткені мен бүгініне көз жүгіртіп, әрбір кезеңдегі формацияларда адамдардың қалай еңбек еткендерін, қаншама қиындықтарды жеңгендерін, сол кездердегі жүректеріндегі сезімдерін осы өткен тарихымыздан білеміз.
2004 жылы ұстаз отбасымен Петровка ауылына қоныс аударады. Осы мектепте 2004 жылдан балаларға тарих пәнінен сабақ береді. Ұжыммен сыйласып еңбек етіп жүргенін айтады бізге ұстаз. Жан жары мейірбике болып еңбек еткен екен. Тарих мамандығын жақсы көрдім, сондықтан осы мамандықты таңдадым, еш өкінбеймін осындай таңдау жасағаныма дейді.
- Қазіргі балалардың оқуға деген ынтасы біршама төмен. Жаһанданудың да әсері көп. Оқимын деген балаға мүмкіндіктер көп қой. Электронды оқулықтар бар, дамимын десе, білімін толықтырамын десе барлық жағдайлар жасалып қойған. Әрбір ұстаздың арманы – алдынан білім алып жүрген шәкіртін биіктерден көру ғой, - дейді ұстаз бізбен әңгімесінде.
Осы мақаланы жазу барысында «Ұстазым, ақылшы, дос, ой арманым» деген ән жолдары еске түсті. Шынымен де ұстаздар қауымы әр баланың жанашыры, олар түлеп алдынан ұшқан шәкіртінің өмірден ойып өз орнын алғанын армандайды. Бала кезінен ерекше қасиетімен көзге түскен баланы сол бағытқа бейімдеп, бойындағы барлық жақсы қасиеттерін ашуға барын салады. Ұстаздар – қоғамда көз алдында өтіп жатқан өзгерістерге немқұрайды қарай алмайды, олардың бел ортасында жүреді. Өйткені, бойындағы намыс, ішкі сезімдері оларға маза бермейді.
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең-дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.
Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,
Ойлайды олар онымен ұшталғанын.
Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,
Шәкіртінің биікке шыққандарын...
- деген өлең жолдары Ұстаз Туыртай Хадан сынды ұстаздарға арналғандай. Мерекеңіз құтты болсын, ұлағатты ұстаз.
Қ.Ахметова