taza-kaz


17.06.2023

Ұлттық спортты қолдау мақсатында Нұра ауданында өткен «Сарыарқа – ұлы дала ойындары» фестивалінде ауданымыздың атын қорғап шыққан көкпаршылар жүлдегер атанып, 1-орынға ие болды. 

300-ден астам спортшы қатысқан фестиваль екі күнге созылды. Қатысушылар көкпар тартып, аударыспақ, садақ ату, арқан тарту және басқа да бірқатар ұлттық спорт түрінен бақ сынасты.

Ұлттық спортымыздың төресі - көкпар ойыны бойынша фестивальге 23 команда жиналды. 23 команда тең бөлініп екі лигада өнер көрсеті. Бірінші лигада үздік ойын көрсеткен ауданымыздың атын қорғап шыққан «220 volt» командасы топ жарып 1-орынды иеленді.

Аудан көкпар командасының жетекшісі Сағитов Ерлан айтады:

- Көкпар бойынша біздің команда осымен екінші жарысқа қатысып келді. Біріншісі Егіндібұлақта «Жастар көкпар лигасы» атауымен, екіншісі Нұра ауданының орталығында өтті. Шілде айының ортасында Бұқар жырау ауданының орталығы – Ботақара кентінде бес сайыс – қазандық көкпар, аударыспақ, дәстүрлі садақ ату, қой көтеру, арқан тартыс бес сайысы түрінде өтеді. Қазіргі таңда көкпардың жастарымыздың ұнатып ойнайтын ойын түрі екенін айта кету керек. Ұлттық спорт ауданымызды жақсы дамуда, 30-ға тарта команда құрылып үлгерді, - дейді.

Аудан намысын қорғап жүрген көкпаршылар – Ботақарадан Басаринов Жандос, Кернейден Серғазиев Мұхтархан, Үміткерден Қоңқабаев Мейірлан, Байқадамнан Рахметолла Асыл, Серғазиев Диас.

Жеңімпаздар медаль, кубокпен марапатталып, оларға ақшалай сыйлықтар табысталды.

Жеңіс шыңына шыққан көпаршыларымызды тағы бір мәрте құттықтаймыз! 

Б.Жакешова



Вернуться назад

Прямая линия 8 72154 21885 8 72154 21773
Нам
отвечают
Архив
номеров

Опрос

Какая проблема района волнует Вас больше всего?