
События
Рубрики
С юбилеем, "районка"!
Президентские реформы в действии
Год ребёнка
Елбасы
Перепись населения
30 лет независимости Казахстана
COVID
За строкой послания
В акимате района
Казахстанцы на пути к успеху
Патриотическое воспитание
Государственный язык – мой язык
Государственные услуги
Воспитание законом
Работают ИПГ
Дела ветеранские
Человек труда
Будьте здоровы
К сведению населения
Из жизни школы
Вести из села
АПК и бизнес
Туган жер
Никто не забыт - ничто не забыто
Biz birgemiz
Официально
Развитие предпринимательства
ВЫБОРЫ
Религия
Борьба с коррупцией
Референдум
Новости района
Истории успеха
- Ещё
Латын әліпбиіне көшу бізге не береді?

Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру бұл – заман талабы, себебі заманауи ақпараттық кеңістікте, атап айтқанда интернет жүйесінде, электрондық поштада негізінен латын әліпбиі қолданылады. Латын әліпбиі әлемде кеңінен тараған әліпбилердің бірі. Өз бастауын ежелгі Грек және Рим елдерінен алып, бүгінгі таңға дейін жалғасып, өркендеуде.
Латын графикасы қазіргі таңда дүниежүзі бойынша кең қолданылатын жазу жүйесі ретінде танылып отыр. Осы тұрғыдан алғанда қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі бір жағынан қазақ тілінің әлемдік ақпараттық кеңістікке еркін енуіне, екінші жағынан, Қазақстандағы ақпараттық және коммуникативтік технологиялардың кең таралуы мен дамуына мүмкіндік береді. Қарапайым ғана мысал келтірер болсақ, қазір ұялы телефонда латын қарпінде жазу оңай, ал кириллицада қазақша тере алмай қиналып жатамыз. Себебі, латын әліпбиінің базасы қалыптасқан әрі ауқымы кең. Жастардың көбі ағылшын тілін жақсы меңгеруде. Латын әліпбиі соған ұқсас болғандықтан, көп қиындық тудырмайды деп ойлаймын. Өйткені, қоғамдағы жарнаманың өзі ағылшынша жазылса, адам назарын бірден аудартады. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде ағылшынша жазатын жастар қатары артып келеді. Біртіндеп дүкен, дәріхана, сауда орталықтарының атаулары, көрнекі ақпараттар латын тілінде жазылып, халықтың көзі соған үйреніп келеді.
Латын әліпбиіне көшу арқылы ұлттық мүддені де көздеуіміз керек. Бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жақын қазақ тұрады. Олардың басым көпшілігі латын әліпбиін қолданады. Демек, біз болашақта латын әліпбиіне көшсек, сол қазақтармен жақындаса түсеміз. Сонымен қатар, түбі бір түркі дүниесі негізінен латын графикасын қолданады. Бізге олармен мәдени, рухани, ғылыми, экономикалық байланысты күшейту қажет.
Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің мәртебесіне де дем береді. Себебі көптеген кітаптарды жаңадан шығару керек болады. Бүгінгідей аз таралыммен емес, кәдімгідей он мыңдап, жүз мыңдап шығару мәселесі шығады. Осыған дейін көп жылдар бойы шықпай қалған қаншама әдеби, тарихи кітаптардың бәрін жаңартып, қайтадан рухани айналымға түсуіне, қайтадан оқыла басталуына үлкен ықпалын тигізеді.
Латын әліпбиіне көшу туралы нақты шешім қабылданатын болса, бәрін таразыға қойып, бізден бұрын латын әліпбиіне өткен мемлекеттердің қандай кемшіліктері болды, қандай қамтылмаған мәселелері болды – олардың барлығын зерттеп, түркітілдес елдер Өзбекстан мен Әзірбайжанның тәжірибесін ескеру қажет.
Ағартушы-педагог, ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды.
Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу - түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады демекпін.
М.Әжібаева,
Бұқар жырау аудандық
мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімінің латынға жауапты маманы