taza-kaz

Өзіңізге қамқорлық жасаңыз!


28.04.2023

Біздің еліміздегі адамдардың сүйікті мерекелері - 1-мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні, 7-мамыр - Отан қоғаушылар күні, 9-мамыр - Жеңіс күні және табиғат қойнауына саяхаттар жақындап келеді, ол түрлі тағамдардың –  кәуап, ет, қазы, шұжық, қуырдақ, жент және басқа да тез бұзылатын өнімдердің молдығымен ерекшеленеді.

Ботулизм тамақтан уланудың ең ауыр түріне жатады және көп жағдайда өліммен аяқталады.

Жіті ішек ауруы - асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын жұқпалы дерт.

Тағамнан улану – асқазан мен ішекке азық-түлікпен немесе сусындармен бірге зиянды бактериялардың түсуінен ішкі орган жұмысының бұзылуы. Мерекеге дайындық кезінде адамдар дастарханға азық-түлік сатып алады, ата-аналар балабақшалар мен мектептерге тамақ әкеледі, кенттер мен елді мекендерде жәрмеңкелер ашылады. Мерекелік іс-шаралар кезінде тамақтан улануды және жұқпалы ауруларды болдырмау үшін бірқатар ұсынымдарды сақтау қажет.

Бұқар жырау ауданының іс-шараларын ұйымдастырушылары мен қатысушыларына. Қатысушылардың жоспарланған санымен учаскелер бойынша бөлу арқылы іс-шаралар кестесін жасау. Адамдардың көп жиналуын болдырмау үшін елді мекеннің бүкіл аумағы бойынша алаңдарды барынша тарату. Тамақ өнімдерін дайындау және сату кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау. Үйде дайындалған өнімдерді сатуға тыйым салу. Сатушылар арнайы киімде болуы керек, жеке гигиенаны сақтай отырып, бір реттік ыдыста өнімді сатуы керек. Қалдықтарды жинау орындарын ұйымдастыру және оларды уақытылы шығару.

Бұқар жырау ауданының тұрғындары мен қонақтарына! Қауіпсіз тағамдарды таңдаңыз. Ата-аналар тағамның балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуіне ерекше мән беруі керек. Бойыңыздың тоңазуына жол бермеңіз, орталық және солтүстік аймақтардағы ауа-райы әлі тұрақты емес. Әсіресе балалардың жарақат алмауы үшін алтыбақан тебетін орындарда, спорттық жарыстарда көпшіліктен аулақ болуға тырысыңыз.

Бұқар жырау ауданының ұйымдастырылған ұжымдарында (мектептер, балабақшаларда) ата-аналар қауымы мен білім беру объектілерінің әкімшілігі түсіндіру жұмыстарын жүргізуі, сақтау шарттары мен мерзімдері сақталмаған жағдайда жаппай улануға әкеп соғуы мүмкін. Үйде дайындалған өнімдерді пайдалануға тыйым салу қажет.

Келе жатқан көктемгі мерекелермен құттықтаймын!

С.Иристаев,

аудандық санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау

басқармасының басшысы



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?