taza-kaz

Менингиттің алдын алу


03.12.2024

Менингит – бұл бас және жұлын ми қабықтарының қабынуы. Бұл ауруды әртүрлі қоздырғыштар, соның ішінде вирустар, бактериялар және саңырауқұлақтар тудыруы мүмкін. Менингит дер кезінде анықталып, емделмесе, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. 

Менингиттің белгілері - қатты бас ауруы, жоғары температура, мойын бұлшықеттерінің құрысуы, жарыққа сезімталдық, жүрек айну, құсу, ұйқышылдық немесе есінен тану. Балаларда бұл белгілер нақты болмауы мүмкін - ашушаңдық, тамақтан бас тарту, еңбектің ісінуі байқалады. Бұл ауру есту қабілетінен айрылу, көрудің нашарлауы, құрысу секілді асқынулармен және тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Сондықтан оның алдын алу өте маңызды. 

Менингит ауа-тамшылы жолмен (жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде), тұрмыстық заттар арқылы (ортақ заттарды қолдану) және гигиеналық нормалар сақталмаған жағдайда су мен тағам арқылы берілуі мүмкін. 

Қауіп тобында 5 жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер мен жастар (16–25 жас), иммунитеті әлсіреген адамдар, сондай-ақ жатақханалар сияқты жабық ұжымдарда тұратындар бар. 

Менингиттің бактериялық түрінің алдын алудың ең тиімді әдісі – вакцинация. Ұсынылатын вакциналар: менингококқа (А, В, С, W, Y топтары), пневмококқа және b типті гемофильдік инфекцияға (Hib) қарсы екпелер. Вакцинациядан бөлек, жеке гигиена ережелерін сақтау маңызды: әсіресе қоғамдық орындардан кейін қолды сабынмен жуу, ортақ ыдыс-аяқ пен жеке гигиена заттарын қолданбау қажет. 

Иммунитетті нығайту үшін теңдестірілген тамақтану, көкөністер мен жемістерді, ақуызды тағамдарды тұтыну, физикалық белсенділік пен ұйқы режимін сақтау ұсынылады. Ауру адамдармен байланысқа түспеу керек, ал көпшілік жиналатын жерлерде қажет болған жағдайда бетперде кию керек. 

Егер жоғары температура, қатты бас ауруы немесе мойын бұлшықеттерінің құрысуы сияқты алғашқы белгілер пайда болса, дереу дәрігерге жүгіну қажет. Әсіресе балалардың денсаулығына мұқият болу керек, қандай да бір күмән туындаған жағдайда педиатрдан кеңес алып, балаға уақытылы екпелерді қамтамасыз етіңіз. 

Менингит – бұл алдын алуға болатын ауру. Оның белгілері мен алдын алу шаралары туралы білім денсаулықты және өмірді сақтап қалуға көмектеседі. Өздеріңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?