taza-kaz

Бұқар жырау ауданының Ғабиден Мұстафин кенті және Центральный ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы



12.04.2024

2024 жылғы 9-сәуірде Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Онда «Бұқар жырау ауданының Ғабиден Мұстафин кенті және Центральный ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы» мәселе қаралды.

Бұқар жырау ауданының Ғабиден Мұстафин кенті және Центральный ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы М.К.Нұрланов баяндама жасады.

Ол 2024 жылғы 28-наурыздан 9-сәуірге дейінгі аралықта Бұқар жырау ауданының Ғабиден Мұстафин кенті және Центральный ауылдық округі әкімдеріне 8 кандидат ұсынылғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан – 2 кандидат, өзін-өзі ұсыну тәртібімен – 6 кандидат. Ұсынылған кандидаттардың ішінде 4 ер адам, 4 әйел адам бар.

Кандидаттардың орташа жасы 42 жасты құрайды. Ең жас кандидат 31 жаста. Үміткерлер арасында ең үлкені 58 жаста.

Мамандықтар бойынша - экономика және қаржы – 3 адам, заңгер – 3 адам, төтенше жағдайларда қорғау – 1 адам, агроном – 1 адам. Ұсынылған кандидаттардың ішінде мемлекеттік қызметкерлер – 5 адам.

Қазіргі уақытта Бұқар жырау ауданының Ғабиден Мұстафин кенті және Центральный ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды тіркеу процесі жүріп жатыр, ол 2024 жылғы 14-сәуір сағат 18.00-ге дейін жалғасады.

Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?