
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Рухани жаңғыру
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Сарыарқаның жолдары жөнделуде
25.07.2024
Үштөбе ауылдық округіне қарасты Сарыарқа ауылындағы үш көшесінде - Достық, Ынтымақ, Қ.Жұмабеков атындағы көшелердің жолдары асфальтталып жатыр.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан осы жұмыстарға тапсырыс беруші – «Бұқар жырау ауданының автокөлік жолдары, жолаушылар көлігі, коммуналды шаруашылық бөлімі» ММ болса, мердігер ұйым - «Нарекстрой 717» ЖШС, директоры Г. Айрабетян болып табылады.
Жол, су мен жарық адам баласы үшін өте қажетті нәрселер. Ауылдық жерде тұратын адамдар осының үшеуін де қажетсінеді. Ойқыш-ойқыш жолдар көліктерді құртады, адамдар үшін қиын жағдайлар туғызады. Бірнеше жылдан бері ауданымызда ауылдарға апаратын жолдар мен ауылдардың ішіндегі жолдар жөнделуде. Осы жұмыстарға үкіметіміз көптеген қаражат бөліп жатыр.
Біз Сарыарқа ауылындағы үш көшенің асфальтталу барысымен танысу үшін сол жерге бардық. Күн ыстық. Бірақ оған қарамастан осы жердегі адамдар қызу жұмыс істеп жатыр.
Ауылдың бірнеше азаматы осы жердегі жұмыспен қамтылған екен. Ауылдың тұрғындары үйлерінен шығып, асфальт төсеу жұмстарын тамашалауда.
Бір өзі бірнеше маманның жұмысын атқарып жүрген прораб Мкртчан Арсен бізге былай деді:
- Осы жұмыстарды 15 адам бірге жұмылып атқарып жатырмыз. Арамызда ауыл адамдары да бар. Түсінушілік орын алған жерде сапалы жұмыс болатынын білеміз. Қолға алынған жұмысты белгіленген мерзімде атқарып шығу бізге де абырой әкелетінін түсініп, сапалы жұмыс жасауға тырысып жатырмыз. Күн райы жақсы болып жатса, жұмысымызды өз уақытында аяқтаймыз, - дейді.
Ауыл округінің әкімінің міндетін атқарушы Анеля Күлкабаева да өз пікірін білдірді:
- Көптеген жылдар бойы жөндеу көрмеген Сарыарқа ауылының жолдарында бүгінгі таңда қызу жұмыс жүріп жатыр. Ауыл тұрғындары қуанышты. Сапалы жолдар әр автокөлік иесіне көп мүмкіншілік береді. Белгіленген мерзімде жолдар салу жұмыстары аяқталуы керек. Осы мердігер өзінің салған жолдарына үш жыл бойы кепілдік береді. Егер де істен шығып жатқан жағдайда болса, осы уақыт ішінде келіп, кемшін тұстарын жөндеп жүретін болады, - дейді.
Қ.Ахметова