
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Рухани жаңғыру
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Болашаққа қадам бүгіннен басталады
01.07.2024
Қарақұдық ауылы мүлдем ішімдік сатпайтын ауылдардың бірі. 2 жылға жуық ауыл бойынша барлық дүкендерде алкогольді сусындар сатылмайтын болған. Бұндағы мақсат - ауыл жастарына үлгі болып, олардың жаман әдеттен бойларын аулақ ұстауына үлес қосу.
Қаладан 25 шақырым жерде орналасқан Қарақұдық ауылында 600-ден астам тұрғын бар. Берекесі, бірлігі жарасқан ауыл жыл санап көркейіп, дамып келеді. Былтырғы жылы ауылда фельдшерлік акушерлік пункт, саябақ ашылды. Биылғы жылы дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдаланылуға беріледі деп жоспарланып отыр. «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша жолдарға жөндеу жұмыстарын өткізу басталып жатыр. Бұндай жетістіктер нәтижелі жұмыстардың көрсеткіші деп білеміз.