taza-kaz

Шешімсіз қалған мәселе


17.06.2024

Редакциямызға хабарласқан семізбұғылық тұрғын Майдаш Сүлейменқызы Аққожина ауылында әлі де шешімін таппай келе жатқан ауыз су мәселесімен бөлісіп, көмек сұрады.

 

«Қыстың қамын жаз ойла» демекші, Майдаш Сүлейменқызы өткен қыстың аяздарында ауылдың су мұнарасы жиі қатып қалып, қиын жағдайға түскен кездерін есіне алды.

- 2021 жылы ауылымызды ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары басталды. 2022 жылы  жазда үйлерге су тартылды. Нақты желтоқсан айында судың ағысы жетпей істен шықты. Дәл осы 2022 жылы сорғы станциясынан есептегіш қойылды. Су қыс бойы қатып қалса да есептегіш айналдырды деп ақша төледік.

Біздің үй алыста қалып, су тартылмады. 2023 жылы шілдеде қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді, бірақ әлі толық аяқталмады. 2023 жылы мен аудандық әкімдікке осы мәселемен өз сұрағымды қойғанда жасалатындығын айтылған жауап хат алдым. Бірақ әлі күнге дейін еш жұмыс жасалмады. Қыс бойы су жинауға арналған мұнара қатып қалып отырды. Оны жылытуға қаншама электр қуаты кетті. Оны да халық қалтасынан төледі. Жасалады деген жұмыстардың ішінде су мұнарасын қаптау бар екенін ескере өткім келеді. Ал мұнараның орнатқан қоршауы ұшып кетті. Әлі сол күйі жатыр, - дейді Майдаш Сүлейменқызы.

Еске салсақ, Семізбұғы ауылы халық санының аз болуына байланысты мемлекеттік «Ақ бұлақ» бағдарламасына енбей қалды. Осыған байланысты аудан әкімдігі тұрғындарды аудандық бюджет есебінен кезең-кезеңімен ауыз сумен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады. Бұл бағыттағы жұмыстар 2021 жылы басталды. 2021-2022 жылдар аралығында бұрғылау, электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету, су мұнараларын орнату және су құбыры желілерін тарту жұмыстары жүргізілген болатын.

Тіршіліктің көзі саналатын судың мәселесімен талай есікті қағып, хат жолдап жүрген Семізбұғы халқының су мәселесі бойынша мардымды жауап беріліп, нәтижесі болса дейміз.

Б.Жакешова



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?