
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Рухани жаңғыру
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Жол төселіп, тұрғындар қуанды
17.06.2024
Мемлекеті-міздің «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша елімізде көптеген игілікті іс-шаралар жасалуда. Бұқар жырау ауданындағы 68 елді мекенде кезең-кезеңімен аталмыш жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бірі – Шешенқара ауылы. Ауылдық округ әкімі Гүлден Мұқановаі:
-2020-2021 жылы Шешенқара ауылында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасымен жаңадан су құбыры өткізілгендіктен, ішкі көше жолдарын жөндеу алдағы тұрған міндеттердің бірі болып қалған еді.
Шешенқара ауылының 8,7 шақырым ішкі көше жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу 2023-2024 жылдарға «Ауыл - ел бесігі» арнайы жобасы арқылы жүзеге асырылды. Сметалық құжаттамаға сәйкес Шешенқара ауылының 5 көше жолдарын жалпы ұзындығы 8,7 км орташа жөндеуге 308300623 (үш жүз сегіз миллион үш жүз мың алты жүз жиырма үш) теңге қаражат қаралып, конкурстық рәсімдер нәтижесінде жеңімпаз мердігер болып «Сарқан+» ЖШС жүзеге асырды, -дейді.
Тапсырыс беруші Бұқар жырау ауданының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. 2023 жылы Шешенқара ауылының Пискунов, Тоқтар Әубәкіров көшелеріне яғни 4,3 км орташа жөндеу жүргізіп, жаңа асфальт жабындысы төселсе, биыл аталған жұмыс әрі қарай жалғасып, Фатеев, Новостройка көшелері мен темір жол бойы тұйық көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Алдағы уақытта аталған мердігер орташа жөндеуден өткен жолдардың жол жиектеріне қиыршық тас пен құм төсеу жұмыстарын жүргізеді.
Осындай орташа жөндеу жұмыстары нәтижесінде бұрын асфальт жабындысы жоқ көшелер де толық асфальтталыпты. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындары «Ауыл - ел бесігі» арнайы жобасы арқылы жөндеуден өткен жолдардың шарапатын көріп, ризашылық сезімде жүргенін айтады ауыл басшысы.
Қ.Ахметова
Суреттерде: қазіргі жолдар осындай.