
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Рухани жаңғыру
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Ауыл адамының мәселесі тыңдалды
11.06.2024
Мамыр айының 21-жұлдызында Бұқар жырау ауданының әкімі Абылай Сұлтанғали, аудан орталығындағы бөлімдер мен мекемелердің басшылары Ақоре ауылындағы кездесуге қатысты. Алдымен ауыл әкімі Әсет Мағауиянов өткен жылда атқарылған жұмыстардың есебімен таныстырды.
Ауыл өмірі ертеден кешке дейін ауыртпалыққа толы. Ауыл өмірі демалыссыз, мерекесіз өтеді. Ауыл шаруашылығы осынысымен қиын.
Ақөре ауылы экономикасының негізін 3 ЖШС, 36 шаруа қожалығы, 2 ауылдық өндірістік кооператив құрайды.
Ауылдың шаруашылығының 18301 га егістік жері бар. 2023 жылы 4200 га жерге дәнді дақылдар себілді дейді Әсет Саятұлы.
2023 жылы жастар кәсіпкерлігін дамыту аясында мал шаруашылығын дамытуға және жылқы сатып алуға ауыл тұрғыны Бөгенбай Севкраев «Агрокредит корпорациясынан» 8 млн теңге шағын несие алып, 20 адам жұмысқа орналастырылып, қоғамдық жұмысқа екі адам орналастырылыпты.
Ақөре ауылы 2023 жылға арналған бюджетті сомасы 48 млн 227 мың теңгені құрап, «Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдауға» бөлінген 100 мың теңге, игерілді - 85 мың теңге; «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бөлінген қаражат 5 млн 600 мың теңге, көше жарықтарын орнатуға аталған сомаға “ТОО “BEST company” ЖШС 4 млн 440 мың теңге соманы ұтып алып, аталған жұмысты белгіленген келісім-шарт бойынша уақытында орындамағанына байланысты аталған қаражат сомасы игерілмегенін айтты баяндамашы. «Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге» бөлінген қаражат 2 млн 101 мың теңге, игерілгені 1 млн 424,9 мың теңге, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға бюджет қаражаты игеріліп, «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға» бөлінген қаражат 9 млн 741 мың теңге, игерілгені 7 млн 198,8 мың теңге екенін келушілер назарына салды. Бюджет қаражатына балалар ойын алаңына қоршау орнатылып, шағын футбол алаңы орнатылған, «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге» бөлінген қаражат 715 мың теңге ауыл көше жолдарын қардан тазалауға игерілгені - 714, 2 мың теңге екен.
Ауыл тұрғындарының өтініші бойынша ауылға кіреберіс 13 км жолға ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аталған жұмысты жүргізу үшін Бұқар жырау ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары бөлімімен 85 млн қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі уақытта аталған жол жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Мердігер «КазНедСервис» ЖШС 2024 жылдың маусым айына жоспар бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.
2024 жылы атқарылатын жұмыстар - әкімдік ғимаратының шатырын ауыстыру, шалғайдағы мал шаруашылығын жайластыру, тұрмыстық қатты қалдықтарды тазалау. Ауыл шаруашылығы малдарын емдеп, екпе жұмыстарын жасау үшін арнайы шарбағын орнату жұмысы алда тұр дейді ауыл әкімі.
Бұл күні ауыл тұрғыны Тұрымтай Сұлтанбеков жолдардың сапасыз төселуіне қатысты біршама пікірін айтты. Гифа Иманова мен Майдаш Құсайынова автобус пен әлеуметтік қызметкердің қажеттігін, Мақсат Дәрменбаев мердігер жолдарды жөндегенде себілетін материалды қайдан алатынын сұраса, Ғабиден Байділдинов шағын футбол алаңы бір ай болмай сынды дейді. Жарық фонарьлары, жолдардың қысқы тазалануы, Шатан мен Рыбинск бағытында жолдар жөнделе ме, футбол алаңын кім жөндейді деген барлық ауыл тұрғындарын мазалаған сұрақтарды қойды.
Сонымен бірге тұрғындары мектеп жабылып қала ма деп алаңдаулы.
Осы күні қойылған сұрақтардың бәрі хаттамаға түсіп, олардың әрбіреуі бойынша нақты жұмыстар атқарылатыны айтылды.
Кішкентай ауылдың барлық мұңы мен мұқтажы айтылған кездесу бірінші жартыжылдықтың қорытынды кездесуі болды.
Қ.Ахметова
Д.Торжановтың суретінде: залдан сұрақ.