taza-kaz

Керней ауылдық округі тұрғындарымен кездесу


04.05.2024

24-сәуірде ауданымыздың әкімі Абылай Сұлтанғали, мәслихат төрағасы Асхат Әли, ауылдық округ әкімі Ерхан Есентаев, аудан орталығындағы мекемелер мен бөлімдер басшылары Керней ауылының тұрғындарымен кездесті. Ауыл тұрғындарымен амандықтан соң ауданымыздың басшысы Ерхан Болатұлына есеп беру үшін сөз кезегін берді.

Ауылдық округ үш елді мекеннен тұрады. Олар Керней – 1360 тұрғын, Ақжарда – 350, Алғабас ауылында 325 адам тұрады. Барлығы округ бойынша 2035 адам. Осы тұрғындардың 1195-і жұмыс істейтін, белсенді адамдар. Екі ауылдық өндірістік кооперативі, 21 жеке кәсіпкер еңбек етеді. Ақжар ауылында «Арай» ЖШС су құбырын тартуда. Ауылда 8 бейнебақылау камералары орнатылады. Қыс айларында үш ауыл да үнемі қардан тазартылып жатады. 

Ауылдың байырғы тұрғыны Қанағат Жұмақаев жас балалардың мотоцикл руліне ие бола алмайтынын айтады.

-Кәмелетке толмаған балаларға заң жүзінде мотоциклмен жүруге болмайды. Көшеде жүрген мотоциклдар ұсталып, иесіне айыппұл салынып, мотоциклдар қайтарылмауы керек. Бұл деген – баланың өмірі. Баланың, жас ұрпақтың өміріне немқұрайды қарауға болмайды, - деді Абылай Қайратқалиұлы.

Кернейден қалаға барар жолда үлкен жүк машиналары жүретінін айтады ауылдың және бір тұрғыны. Жаз айларында күндіз жолдардағы асфальт еріп, онда жүк көлігі жүрсе, ойып тастайтынын айтады.

Абылай Сұлтанғали қазіргі таңдағы жол салыну сапасына тоқталды. Сапалы жолда жүрген көліктер оны ойып тастай алмайтыны және ол көліктер облысымыздың азық-түлік бағдарламасын шешіп, дастарханымызға молошылық жасап жатқанына тоқталды. Сондықтан заң бойынша ондай көліктерге жолда жүріп, тауар тасымалдауға ешкім тосқауыл қоя алмайдды деді.

Ауылға кіре берістегі үш су ағар құбырдың  астын су шайып, адамдарға қауіп тудырып тұрғаны да айтылды тұрғындар тарапынан.

Ауылдықтар тағы да көктемде су алатын көшелерге су өткізгіш құбырлар қою керектігін, үйлер бұзылып, ауылдың ажарын бұзып жатқандығын, Назерке Берікбаева малдың шөбін шауып алатын шабындық жеріміз жоқ деген сауалын қойды. Саманбеков Талғат ауылда жұмыс болмағандықтан, адамдар көшіп кетіп жатқанын, интернат сияқты мекеме ашылса, ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылар еді деген ойын айтты.

Өңір басшысы интернат ашылмайтынын, ал арнайы мектепте жыл бойғы демалатын балалар лагері ашылады деді.

Шабындық туралы сұраққа аудан әкімі бірнеше отбасы бірігіп, ұжым құруы керек екендігін, сүт кәсіпорындарына өткізетін  сүтті неге өздеріңіз өңдемейсіздер деді. Бүгінгі 180 теңгемен қабылданған сүт қыс айында халыққа литрі 700 теңгеден сатылады. Қазіргі таңда жайылым мен шабындық тапшы болып жатқан кезде мал шаруашылығынан басқа жобалар жасалуы керек, олар заманауи қызмет түрлерін көрсетуі керек, ондай жобаларды комиссия қолдайды, төмен пайызды несие алуға әсер етеді, - дейді.

Ауылға көңіл бөлу және оның жағдайын жақсарту – бүгінгі таңдағы ең маңызды жұмыстың бірі. Ауыл шаруашылығы өндірісін одан әрі дамыту аграрлық сектордың даму стратегиясын белгілеуді талап етеді. Осындай күрделі өтпелі кезеңде бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өндірісінің өсуін қамтамасыз етуді және ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінің өндірісін тұрақтандыруды көздеп отырған аудан басшылығы жұмыс жоспарын ауыл тұрғындарымен кездесуден бастайды. Әрбір ауыл адамының айтары бар, өмірден қорытқан тәжірибесі бар. Ауылдың төңірегінде өткізілетін әрбір жұмыс жергілікті өзі өзі басқару мүшелері мен ауыл әкімінің қатысуымен жүзеге асады. Ауылда тұрған міндеттер бірінші кезекте шешілуі керек.

Қ.Ахметова

 

Д.Торжановтың суреттерінде: жиын соңындағы сұхбат.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?