
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Рухани жаңғыру
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Ауылдың дамуы – азаматынан
04.05.2024
Сәуір айының 24-жұлдызында Бұқар жырау ауданының әкімі Абылай Сұлтанғали, мәслихат төрағасы Асхат Әли, ауылдық округ әкімі Бахтияр Жаңбырбаев, аудан орталығындағы мекемелер мен бөлімдер басшылары Ақбел ауылының тұрғындарымен кездесті.
Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша биылғы жылы аудан елді мекендерінде тұратын билік басындағы азаматтардың жылына тұрғындармен екі рет кездесетінін, қажет болған жағдайда шақырту, тұрғындардың тілегі бойынша келуге, кездесуге дайын екендіктерін айтты өңір басшысы.
Ауылдық округ әкімі Бахтияр Жаңбырбаев өткен жылы атқарылған, биылғы атқарылар жұмыстармен таныстырып, ауыл тұрғындары мен келген басшыларға ақпарат берді.
Әрбір ауылдың экономикалық жағдайы онда тұрып жатқан азаматтардың еңбекқорлығына, өз ауылына деген жанашырлығына байланысты. Ауыл тұрғындары үшін сапалы су, ауылішілік жолдар, қалаға, ауылға қатынайтын жолдар, фельдшерлік акушерлік көмек, малының жемі мен шөбінің қоры болуы өте маңызды. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізат түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Өсімдік және мал шаруашылығынан тұратын салада жүрген адамдардың басын бір жерге қосатын – аудан басшылығының қатысуымен өткізілетін осындай кездесулер.
Ауылдың әр тұрғыны ауылының әдемі болып, заман талабына сай өркендегенін қалайды. Осы кезде әрбір істің шешімі оған салынатын қаражаттың мөшеріне байланысты. Былтырғы жылғы мәселе – ауылдың клубының төбесін жөндеу керектігі болса, биылғы жылы оған қаражат бөлінген, жаз айында жөндеу жұмысы басталады. Ауылдың тұрғындары интернет желісіне қатысты сын айтса,
Бахтияр Жаңбырбевтың есебінен соң өңіріміздің басшысы үкіметіміздің ауыл шаруашылығы саласында жүрген азаматтарды қолдайтын тетіктері туралы айтты. Ауылдағы ескі үйлерді де кепілдікке алып, тиісті орындар төмен пайызды субсидиялар беретінін, тек оны алғысы келетін адамдардың жасайтын жобасы мал шаруашылығын жүргізуден бөлек болуы керектігін айтып, түсіндірді. Заман ағымына лайық қызмет көрсету түрлеріне негізделген жобалар комисся тарапынан үлкен қолдау табатынын жеткізді.
Және ауыл адамының кәсібі ауылға өз пайдасын тигізуі қажеттігіне тоқталды.
Көптеген елдімекендердегі ауылдың шаруа қожалықтарының иелері ауылдың жерінде малын жайып, өзіне тиесілі жердің шөбін шауып, оны ауыл тұрғындарына сататынын, ауыл тұрғындарының жері пайдаланылған соң, ол адамдар өз ауылының тұрғындарына малдың азығын төмен бағаға сатулары керек екендігін айтты. Бірнеше адам ортақтасып, бір жобаны жасап, үкіметтің жеңілдігімен пайдалануға болатынын түсіндірді. Ауылдың азаматтары, жастары ауылдың дамуын үнемі назарда ұстап, осы бастан қимылдамаса, ойланбаса, бұл ауылға басқа, еңбек етуге дайын адамдар келіп, ен жатқан жерді игеретінін айтады. Бүгінде ауылға облыстан, ауданнан бюджет бөлінетінін, болашақта әр ауыл өз күнін өзі көретінін, осыған ауылдықтар дайын болуы керектігін айтты. Ауылдың байырғы тұрғыны Ғазиза Жанашева ауылдың әкімдігіндегі қызметкерлерге, ауылдың клуб меңгерушісі Г.Молдабаеваның атына ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.
Жүгі - нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының ертеден ежелгі мекені – ауыл екенін бәріміз білеміз. Ауыл – ұлтымыздың ұйытқысы. Адамзаттың кең дүниенің есігін ашып, өмірге келген жері. Сан толқын ұрпақтың кіндігі кесіліп, маңдай тері тамған киелі мекені. Ауыл барлық халықтың анасы, тіршіліктің нәрі.
Ақбел ауылында өткен кездесу ауылдың бүгінгі, келешектегі дамуы жайында өтті.
Қ.Ахметова
Д.Торжановтың суреттерінде: А.Сұлтанғали, Б.Жаңбырбаев; алғыс айту сәтінен.