
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Үміткердегі үлгілі тұрғындар
04.05.2024
Ағымдағы жылдың 27-сәуірінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында ауылдық округтерге сапар шектік. Аудан орталығында жүріп жатқан жұмыстарға өзіміз куәміз, себебі өзіміз де еңбек еттік. Содан соң ауылдық округтердегі ауқымды жұмыстар мен қарқынды істер назардан тыс қалмасын деген ниетпен Үміткер ауылына аттандық.
Үміткер өзін алыстан-ақ үлгілі ел екенін бірден танытты. Ауыл көрінісі мен ауыл шетінен көзге ілінетін қос саябақтағы қайнаған тіршілік бірден көзге түсті. Ауыл шеті мұнтаздай таза. Соған қарағанда ең алғашқы жұмыстар осы аймақтарда өткізілген болу керек. Кіре берісте ауыл халқының қаражатына салынып жатқан су жаңа мешіт тіпті жүректі жылытты.
Қызу жұмыс жүріп жатқан аймаққа лезде келдік. Әртүрлі мекеме қызметкерлері жиналған алаңда небір жұмыстар атқарылуда. Бірі қоқыс жинауда, бірі әктеуде, енді бірі жерді құнарландыруға арналған топырақ тасып жатса, енді бірі ағаш отырғызып әлек. Әр жұмыстың басында ерекше ықылас тынытып, нұсқау беріп жүрген азамат, биыл ғана ауыл халқына әкім болып сайланған Залелов Ерсін Сатыпалдыұлы екен.
Саябақ ортасына жаңа ғана әкелінген шыршаны отырғызғалы жатқан ауыл әкімін сөзге тарта бастадық:
- Бүгін ниетімізге орай күннің райы да тамаша. Бізге қараған күнмен таласып біз де ауылымызды көркейтуге шықтық. Бүгін біз саябақты ретке келтірудеміз. Бұл жерде өзіңіз көріп тұрғандай ағаштарды кесіп, талдарды әктеп, жерді құнарландырудамыз. Ендігі кезекте қоршауларды ретке келтіріп, әктейтінін әктеп, сырлайтынын сырлау жұмыстары күтіп тұр. «Жасыл аймақ» апталығы аясында бүгін осы саябаққа 80 тал ағаш отырғызылып жатыр. Оның ішінде сирень гүлі, теректер, ақ қайың, шырша да бар. Сонымен қатар қоршалып тұрған бос орындар яғни гүлзарлар қопсытылып, көпжылдық 6-7 түрлі гүлдер де отырғызылып жатыр.
Әлбетте, бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыс көп. Әдеттегідей бірінші ауылды қоқыстардан тазарттық. Нәтижесінде барлығы 50 тоннадай қоқыс шығарылды. Ауыл халқы өздері техникамен қамтамасыз етті. Әлі де сондай көлемде қоқыс шығару жоспары тұр. Шығармай жатқан себебіміз белгілі, қоқыс асты әлі қар, сол себепті қатты болып тұр. Басқа жұмыстарымызды реттегенше оның да еріп бітетін уақыты болады. Сол кезде барлық қоқыс шығару жұмыстары толық аяқталады, - дейді.
Жұмыс арасында сенбілікте жүрген тұрғындармен де біраз мәселелерді талқыладық. Соның бірі биылғы сенбіліктердің ерекшеліктері еді. Биылғы сенбілік бұрынғыдан өзгерек дейді тұрғындар, республикалық акцияның әсері ме, әлде халықтың ерекше ықыласы ма, тазару жұмыстары жылдап әрі қарқынды өтуде. Ауыл халқы өздерінің көңілін көтеру үшін әуен ойнатып, тіпті кәуап та дайындаған көрінеді. Жұмыстың ауқымдылығынан қолдары босамай, кешкі уақытта ойларын жүзеге асырмақшы. Тұрғындардың жайдары қылықтарына біз де тәнті болдық. Одан бөлек, ауыл әкімінің өз ауылының тумасы екенін атап өтіп, ауыл ішінде атқарылған жұмыстарды да тайға таңба басқандай етіп көрсетіп жатты. Көп жылдардан бері ауылдың орталық көшесінде орналасқан екі қабатты үй ауылдың сәнін кетіріп тұрғанына біраз жылдың жүзі болған көрінеді. Көркінен бұрын, кесірі тие ме деп қорқады, себебі үй апатты жағдайда. Ішіне балалар кіріп, үй ортасына опырылмаса игі еді деп жүр халық. Маңайында біраз жылдардан бері үйіліп жатқан қоқысты жақында толығымен тазартып, ретке келтірген екен. Ендігі кезекте үйді толығымен ысыру жұмыстары қарастырылуда. Ел тілегі естіліп, жамандықтың беті аулақ болсын.
Ауылдық округ әкімі аппаратының мамандары тұрғындарды өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстап, рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс қалдықтарын тастамай, ауыл тазалығының сақталуына үлес қосуға шақырды. Қоршаған ортаны абаттандыруға жанашырлық танытып, жыл сайын өткізілетін айлықтың мақсатын атап өтті - туған жерді тоздырмай, қолдан келгенше жайқалту. Халық үшін ауыл – руханияттың темірқазығы, ұлттық құндылықтардың алтын бесігі, береке-байлықтың бастауы. Ауылдың таза ауасын жұтып, суын ішіп, табиғатынан қуаттанған әрбір азамат атамекенін қадірлеуге тиіс дейді.
А.Ерубаева
Д.Торжановтың суреттерінде: үміткердегі игі істер.