taza-kaz

Таза өлке – Шешенқара


27.04.2024

Шешенқара ауылы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясында өз белсенділіктерін көрсетуде.

8-сәуірден басталған «Таза Қазақстан» науқанының алғашқы «Таза өлке» апталығында Шешенқара ауылынан 7 мекемеден 108-ге жуық адам сенбілікке шығып, 2 тонна қоқыс шығарылды. Әр мекемеден сенбілікке шыққан қызметкерлер тұрмыстық қалдықтар мен сынған ағаш бұталарынан ауыл ішін тазартып, тазалық  жұмыстарын жүргізді. Жиналған қоқыс «Нива» көлігіне, тракторға тіркелген арбамен шығарылды. Ауыл ішінен бөлек сыртында да тазалық жұмыстары атқарылды.

Шешенқаралықтар үшін 20-сәуірге дейін жалғасқан «Киелі мекен» апталығы да жақсы нәтижемен аяқталды. Ауыл ішіндегі Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне арналған ескерткіш алаңы жиналып, алда келе жатқан Жеңіс күніне орай сырлау, әктеу жұмыстары жасалды. Ауыл сыртында орналасқан қазақ батыры Нарбота мен қалмақ қызы Шешенбике (Цецен) ескерткішнің маңында да тазалық жұмыстары атқарылды.

Аяқталуға жақын қалған «Жасыл аймақ» апталығы бойынша мектеп ұжымы 24 көшет отырғызып, ағаштарды зиянкестерден қорғау мақсатында түптерін әктеу жұмыстарын жасады.

- Ауыл тазалығына әр тұрғын жауапты. Сондықтан сенбілікте баршаға ортақ жұмыс, бірлесе атқарылған жұмыс жеңіл әрі қызықты өтеді. Ауыл тұрғындарын «Таза Қазақстан» акциясына атсалысып, таза ауылды бірге жасауға шақырамын, - дейді сенбілікке белсенді қатысушы Шешенқара ауылдық әкімі аппаратының бас маманы Ақнұр Шәкен.

Шешенқара ауылының халқы «Таза Қазақстан» науқанына толығымен қатысып қана қоймай, алда әлі жалғасы бар екі апталықты да жақсы көрсеткішпен аяқтауды жоспарлап отыр. Таза ауыл, көрікті ауылды өз қолымызбен жасаймыз деген Шешенқара ауылының жұртшылығына бастамаларыңыз оңынан болсын дейміз.

Б.Жакешова

 

Суретте: көшеттер отырғызу сәті.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?