
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Өзекті тақырыпқа отырыс
19.01.2023
Қаңтар айының 18-жұлдызында аудан әкімдігінің мәжіліс залында гендерлік комиссияның отырысы өтті. Оған комиссия мүшелері, кентімізде ашылған «Шаңырақ» көп балалы отбасылар орталығының белсенділері қатысты. Отырысты аудан әкімінің орынбасары Ә.Шайкенова жүргізді.
Әйел, ана деген қашанда сұлулық пен әсемдіктің символы болып табылады. Қоғамымыз тоқтаусыз даму үстінде болғандықтан, аналар да қоғаммен бірге дамып, өзінің отбасындағы міндетінен басқа түрлі қызметтерді абыроймен атқарып келеді. Әйел-ана мемлекеттік қызметте де, азаматтық қызметте де, кәсіпкерлікте, басшылық қызметте еңбек етіп жүр.
Осынау буырқанып жатқан өмірімізде ер адамдар тарапынан зорлық пен зомбылық көріп жүрген аналар мен балалардың барын, осындай фактілер жер-жерлерде жыл сайын көбейіп келетінін оқып та, әлеуметтік желіден көріп те жүрміз. Мемлекетіміз осындай жандарды уақытша қиындықтан шығару үшін дағдарыс орталықтарын ашып, ол жерде қаншама адам тіршілік етуге бейімделіп жатыр.
Ең алдымен өз баяндамасын Бұқар жырау аудандық ПБ әйелдерді қорғау бойынша инспекторы Гүлдана Үмітбаева көпшілікке жеткізді. Талдаулардың нәтижесінде Қазақстан Республикасында тұратын әрбір оныншы адам зорлық пен зомбылыққа ұшырайды екен. Ағымдағы жылы Қушоқы кентіндегі Т.Абрамова басшылық ететін дағдарыс орталығына тұрмыста қиын жағдайға тап болған 9 адам, оның ішінде балалар да бар, орналастырылыпты. 11 айдың ішінде әйел адамдарға қатысты Бұқар жырау ауданында 1 190 қылмыстық фактілер тіркеліпті. Ғ.Мұстафин кентінде алты, отбасылық-тұрмыстық салада 15 алдын алу шаралары жүргізілген. Ботақара кенті бойынша 301, Ғ.Мұстафин кенті бойынша 153 тұлғаға қорғау нұсқамасы жазылған. Ағымдағы жылы әйелдерге қатысты екі қылмыстық іс тіркелген. Осы қызмет профилактикалық есепте тұрған жайсыз отбасыларды, отбасының шырқын бұзушыларын тексеріп, үнемі алдын алу жұмыстары жүргізілетініне тоқталды.
Әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарын жүзеге асыру бойынша мекеме басшысы Гүлжан Абжанова баяндады.
Мекемемен әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар категориясына көмек және қызмет көрсету үшін үш жоба – тұрмыстық зорлық пен зомбылыққа ұшыраған жандарға дағдарыс орталығы, көп балалы отбасыларды қорғау орталығы, мүгедектерге арналған «Инватакси» қызметі жүзеге асырылуда екен. Алғашқы бөлім бойынша келісім «Мир добра» қоғамдық бірлестігінің басшысы О.Мажурмен жасалған. Ол бойынша бес төсектік қызмет көрсетіледі екен.
Бұл дағдарыс орталығына келгендер уақытша, алты айға дейін осы жерде тұра алады. Оларға тұрмыста қажетті барлық керек-жарақтар пайдалануға беріледі. Психологиялық, әлеуметтік, құқықтық көмек көрсетіледі. 2023 жылы осындай көмек ауданымыздың 18 адамына көрсетіліпті. Кентіміздің орталығында және Қушоқы кентінде «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы өткені де айтылды.
Өткен жылы 3 қазанда Ботақара кентінде «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы» ашылған болатын. Осы уақытқа дейін орталық ауданымыздың орталығында көптеген ізгі шаралар өткізді. Мүгедектерге арналған такси жүргізушілері де осы уақытта қаншама жанның алғысына бөленіп жүр. Оның қызметін 42 мүгедек адам пайдаланып жүр.
Бейбітшілікке әкелетін спорт жайында О.Цыганков мәлімет берді. Бөлім аудан аумағында спортпен айналысуға қажетті инфрақұрылымды құру бойынша жұмыстар атқарады. 2022 жылы 14 спорттық алаң жасау үшін 130 млн теңге бөлінген екен. Жасыл газонның салынуымен 40 алаң орнатылған. Шағын футбол ойнайтын 35 алаң, волейбол ойнайтын алаң - 3, стрит воркаутқа арналған алаң екеу. Ботақара және Ғ.Мұстафин, Қушоқы кенттерінде сауықтыру кешендері салынып, пайдалануға беріледі. Қызылжар ауылында спорт залы толық жөнделетін болады дейді баяндамашы. Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт бөлімі Басқармасымен спорт инструкторлары бөлінген. Осы таңда 22 спорт инструкторы тұрғындармен жұмыс жасап жүр. 1000 адамнан астам адамды спортқа баулитын 40 секция ашылып, жұмыс істеп жатыр дейді О.Цыганков.
Былтырғы жыл бойына ауданымызда 60-тан аса спортттық-көпшілік шаралар өткізіліп, оларда мектеп оқушылары, зейнет жасындағы адамдар да қамтылған. Жыл соңында жас спортшылар жастардың «Жігер» сыйлығымен марапатталады. Спорт күні мерекесі де өз мәнінде аталып өтіп, аудан әкімінің грамоталары мен алғыс хаттарымен дәстүрлі түрде марапатталады.
Орталық аурухана қызметкері Л.Уварова жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу туралы баяндамасын жасады. Аудан аумағында өткізілетін мектеп жасындағы оқушылардың денсаулығын тексерістен өткізу скринингтері, басқа да шаралар жайында баяндамасын ұсынды. Ауданымыздың әйел адамдарының ішкі мәдениетін қалыптастыру, өнерлерін дамыту жөнінде атқарып жатқан жұмыстар туралы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Оспанов әңгімелеп берді. Өнерге жақын, ішкі мәдениеті жоғары, көркем әдебиеттен хабардар адамнан ешқашан қылмыскер шықпайды деп ойын түйіндеді.
Осы қызметтердің барлығы жас ұрпақ үшін, аналар үшін маңызды. Алдымен әр адамның тәрбиесі, мәдениеттілігінің деңгейі, онан соң қоршаған ортаның бір жұдырық болып жұмылған тәрбиелік мәні зор жұмысының нәтижесінде қоғамымызда азаматтық көзқарасы қалыптасқан, жұмысын адал атқаратын, баласына жақсы тәрбие бере алатын, баласын да, өзін-өзі қорғай алатын аналар көбейеді.
Осы күнгі отырыста аудан төңірегіндегі мектептерде тәрбие сағаттарының өтуі туралы да айтылды. Үштөбе тірек мектебінің директоры Сәуле Артықбаева бала тәрбиесіне қатысты сағаттардың қалай өтетініне тоқталса, аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша кеңесшісі Ш.Курбанов дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысына сұрақтар қойды. Отырыс өте бір жылы жағдайда, әрбір мәселеге ерекше назар аудару, білікті мамандармен байыпты сұхбат құру жағдайында өтті.
Әлия Елубайқызы ауданымызда әйелдер құқығын сақтау жолындағы жұмыстардың өз дәрежесінде атқарылып жатқандығын айтып, келесі отырыста ауылдық округ әкімдерін осы жұмысқа тарту жөнінде ұсынысын айтты.
Онан соң марапаттау рәсімі орын алды. Осы күні Гүлдана Үмітбаева, Көкпекті ауылынан келген кәсіпкерлер Айгерім Усина, Алма Райысова, Қушоқы кентіндегі дағдарыс орталығының басшысы Татьяна Абрамова, Ләззат Қожахметова «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі қосқан еңбегі, қоғамдық келісімді нығайтқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін» аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Қ.Ахметова
Д.Торжановтың суреттерінде: отырыс сәттерінен.