taza-kaz

Аппарат кеңесінде тыңдалды


01.10.2022

Қыркүйек айының 28-жұлдызында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Н.Кобжановтың, орынбасарларының, аудандық мәслихат хатшысы А.Әлидің, мекемелер мен ұйымдардың басшыларының қатысуымен аппарат кеңесі өтті.

Кеңесте жылыту маусымына дайындық , аудан аумағын жасылдандыру, санитарлық тазалық, абаттандыру туралы, ағымдағы жылдың 9 айындағы  бюджеттің жүзеге асуы, егін жинау жұмыстары, бастауыш партия ұйымдарының жұмыстары туралы тыңдалды. Алдыңғы екі мәселе бойынша тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Ә.Искаков баяндамасын оқыды.

Ол ауданымыздың төңірегіндегі 105 автономды жылыту жүйесі, оның ішінде бес жылыту қазандықтарына ерекше тоқталды. Қушоқы кентінің локальді жылыту қазандығы, Ғ.Мұстафин кентінің модульді қазандығы, Ботақара кентінің Әуезов, Энергетиктер, Абылайхан, Бұқар жырау көшелерінде орналасқан жылыту қазандықтарының жылыту маусымына әзірліктері жөнінде атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Ауданымыздың мекемелерін жылытуға керекті көмір 162, 689 мың тонна, ал тұрғындар үшін 113 мың тонна қажет. Көмір тасымалдау жұмыстары жүргізіліп жатқаны назарға салынды. Ауданымыздың төңірегінде «СӘТ Көмір» АҚ, Кузнецкі разрезі көмір өндіреді, тұрғындарға босату бағасы 9 мың – 9 200 теңге. 

Екінші мәселе бойынша – 2021 жылдың 21 наурызында Президент инициативасы бойынша орман қорына және елді мекендерде ағаштар отырғызуды қолға алу, осы жылдың 19 қаңтарында облыс әкімінің кеңесінде орман отырғызу үшін жер учаскелерін тауып, кейіннен ол жерлерді орман қорының жерлеріне ауыстыру бойынша тапсырмасы берілгені, осы тапсырманы орындау жолында кенттер мен ауыл әкімдеріне хаттар жолданғанынан ақпарат берді. Ағаш отырғызу туралы тапсырмасына Қушоқы, Ғ.Мұстафин кенттері, Ботақара ауылы, Ақөре, Ақтөбе, Белағаш, Қаражар, Қызылқайың, Новоузенка т. б. әкімдіктері үн қоспағандары туралы айтылды. Және баяндамашы рұқсат етілмеген үйінділердің орнын жою тарапында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Е.Жұмашева 2022 жылдың 1-қазан айына дейінгі бюджеттің кіріс және шығыс бөлімдеріне талдау жасады.

Қыркүйек айының 26-на ауданымыз бойынша жалпы 312  млн. 622,8  мың теңге қаражат игерілмеген. Аудандық «Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары» ММ 64 млн. 676,0  мың теңге, «Ғ.Мұстафин атындағы кенттің әкімі аппараты» ММ 44 млн. 280,0 мың теңге, «Құрылыс бөлімі» ММ 34 млн. 053,0 мың теңге, «Ботақара кенті әкімінің аппараты» ММ 36 млн. 037,6 мың теңге; «Үміткер ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ 13 млн. 410,0 мың тенге, «Тұзды а/о әкімі аппараты» ММ 12 млн. 702,2  мың теңге, «Үштөбе а/о әкімінің аппараты» ММ 11 млн. 079,0 мың теңге қаржыны мигермеген. Баяндамашы 2022 жылдың 1-қазанына қаржының игерілмеуінің алдын алу және бюджет қаражатын сапалы игеру мақсатында аталмыш бөлім барлық қолда бар шығыстардың бюджет бағдарламасында мониторинг жасалғанын, оның негізінде игермеу тәуекелдері бар мекемелердің жоспарына түзетулер енгізілгенін атап өтті.

Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Құрманғалиев ауданымыз бойынша малдың азығы мен дәнді дақылдардың жиналуы туралы толық ақпарат берді. Ол 27 округтің ішінен Центральный, Ростовка, Самарқанд, Жаңаталап ауылдық округтері тұрақты түрде  егін ору, дәнді дақылдар өнімін алу туралы мәліметтерді дер кезінде беріп отыратынын айтады.

Үміткер ауылдық округі, Керней, Тұзды ауылдық округтері және Ақөре ауылы шаршы алаңдар бойынша толық және дұрыс емес ақпаратты беретінін, жалпы өнім мен шығымдылықтың көрсетілмеуімен Тоғызқұдық және Шешенқара ауылдық округтері беретінін жеткізді.  Бастауыш партия ұйымдарының жұмыстары туралы Анар Бозаева баяндама жасады.

Аудан әкімі Н.Кобжанов әрбір мәселе бойынша басшыларға нақты тапсырмалар беріп, аталған салаларда алдағы уақыттағы атқарылатын жұмыстардың сапалы жүргізілуін қатаң тапсырды 

Қ.Ахметова,

 

Д.Торжановтың суретінде: аппарат кеңесінің жұмысында.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?