taza-kaz

«Еңбек күні» аталып өтті


24.09.2022

Қыркүйек айының 22-жұлдызында аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауданымыздың басшысы Сержан Аймақов «Еңбек күніне» орай ауданымыздың төңірегінде ерен еңбегімен көзге түскен адамдарды қабылдауына шақырып, марапаттар тапсырды.

Еңбек адамдары сөзге жоқ, істе әрқашан алда. Әр ата-ана баласына ерте жастан еңбек етуді үйретеді, бала кезден еңбекке жақын өскен бала есейгенде еңбекқор, қиындықтардан қашпайтын адам ретінде қалыптасып, қандай да бір іске кірісіп кететін болады.

Адамның қол жеткізген жетістіктерінің бәрі еңбекпен келеді. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген халық даналығы да бар.

Ауыл шаруашылығы – өміріміздің үлкен саласы. Ауыл өмірінде ешқандай мереке, демалыс деген болмайды. Жыл он екі ай бойына атқарылған еңбектің нәтижесі ауданның, облыстың, онан кейін республиканың қоржынына құйылады. Атар таңмен бірге ұйқысынан тұрып, қажырлы еңбек еткен адамның құрметіне күнпарақта орын алған күн Бұқар жырау ауданында дәстүрлі түрде аталып отырады.

Аудандық мәслихат хатшысы А.Әли, аудан әкімінің орынбасары Ә.Шайкенова, аппарат басшысы А.Микенов та салтанатты шара төрінен орын алды.

Өңіріміздің басшысы «Шатан» шаруа қожалығы директорының орынбасары Таир Гаиповқа, Белағаш ауылы шаруа қожалығының жұмыскері Қайролла Байымбетовқа, «Нұрқазған байыту комбинатының» бөлім басшысы Айнұр Байжұмановаға, «Коммунальщик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі учаскесінің меңгерушісі Ардақ Дукуевқа, еңбек ардагері Роза Кимге, «Ақнар» құс фабрикасының слесарі Ринат Қаһарманға, «Үштөбе құс фабрикасының» жұмыскері Елена Ниязоваға аудан әкімінің Құрмет грамотасы және гүл шоғын ұсынды.

Сержан Жанабекұлы мен Асхат Сағадиұлы марапат иелеріне ізгі тілегін білдіріп, онан мереке қонақтары бәрі бірге естелік суретке түсті.

Қ.Ахметова

Д.Торжановтың суреті



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?