
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Жұмыспен қамту мәселесі талқыланды
13.08.2022
4-тамызда аудан әкімі С.Аймақов, мекемелер мен бөлімдер басшылары, медицина саласының қызметкерлері, ауылдық округ әкімдердің қатысуымен аппарат мәжілісі өтті.
Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігі ағымдағы жылдың 25-мамырынан бастап электронды еңбек биржасы базасына Ұлттық жобалардың аясында құрылып жатқан бос орындарды енгізу туралы тапсырма берген. Бұқар жырау ауданы бойынша осы жылға 1525 жұмыс орнын құрумен 31 жоба бекіткен, алайда аудандық болып 20 жоба табылады. Облыстық сегіз жоба мен тағы үшеуі бойынша ақшалай қаражат алдын ала қарастырылмаған.
Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік Ұлттық жобаға 2021-2025 жылдарға үш жоба енгізілген - “Жәке” ШҚ сиыр етін өндіру бойынша 308 жұмыс орны, “Майқұдық жұмыртқалары” - 307 жұмыс орны, “Апрель” шаруашылық фермерлік өндірісі 307 жұмыс орнын ашуға тиіс болған. Тұрақты экономикалық өсімұлттық жобасы аясында геомембрана өндіру бойынша 30 жұмыс орны, гофрирленген тұрба және пластиктен жасалған заттар бойынша 30 жұмыс орны, өндірістік жарылғыш заттар өндіру бойынша 120 жұмыс орны ашылуы керек. “Мықты аумақтар - едің дамуының драйвері” бойынша 25 жоба енгізілген. Оның ішінде 7 сумен қамту жобасы, бір білім беру жобасы, кентішілік және ауылішілік жолдарға 15 жоба, бір дене шынықтыру және сауықтыру кешені, сумен қамту, білім беру, кентішілік және ауылішілік жолдарға, республикалық маңызды жолдарға бағытталған.
8-тамызға базаға 341 жұмыс орнын қамтитын 18 жоба тіркелген, алайда жұмыспен 43 адам ғана қамтылыпты. Өзекті мәселелер болып ауылшаруашылық бөлімінің, коммуналды шаруашылық, көлік жолдары, жолаушылар тасымалы бөлімінің жобалары табылады. 2021 жылы басталған сумен қамтуға қатысты құрылыс бөлімі бойынша мәселелер бары айтылды.
Құрылыс бөліміне қарасты тағы бір маңызды жұмыс жобасы - 320 көрермен адамға Ғ.Мұстафин атындағы кентінде дене шынықтыру кешенін салу үшін 20 жұмыс орны ашылған. Үштөбе ауылында жеке тұрғындық құрылысқа инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу үшін 33 жұмыс орны қажет.
Аудан елді мекендерін сумен қамту бойынша осы уақытта 40 жұмыс орны - Асыл ауылы 5 жұмыс орны, Жаңаталап ауылында 5 жұмыс орны, Қушоқы кентінде 10 жұмыс орны, Көкпекті ауылдық округіне қарасты Сарытөбе аулында 5 жұмыс орны, Ростовка ауылдық округінің Қызыл жар ауылында 5 жұмыс орны, Ботақара кентінде су жүйесін қайтадан жаңарту үшін 5 жұмыс орны, Самарқанд ауылдық округінде 5 жұмыс орны ашылған.
Білім беру бөлімі Ростовка мектебінің жанындағы интернатқа жөндеу жүргізу үшін 10 жұмыс орнын ашқан.
Осының барлығы ауданымыздың елдімекендерінде тұрып жатқан адамдардың өмір сүру жайлылығын қамтамасыз ету үшін жасалып отыр. Кеңеске қатысқан бөлімдер басшылары өздеріне қатысты мәселелерге түсінік беріп отырды. Б.Әрінов, Л.Лузикова да осы уақытта атқарған шаралары жөнінде айтты.
Ауданымыздың басшысы Сержан Жанабекұлы бұл жұмыста қозғалыстар жасау керектігін, мәселенің әрқайсысын жекелеп қарастырып, жұмыс орындарын ашу бойынша әрбір басшы нақты жұмыс істеуі керектігін айтты. Айтылғандардың барлығы хаттамаға түсіріліп, көтерілген мәселелер бақылауға алынатынын да тілге тиек етті. Л.Лузикова осы уақытта 47 адам жұмыспен қамтылып тұрғанын айтады.
Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат толық, өнімді және еркін таңдап алынған жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын жүзеге асыратын, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауды және жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыратын орын болғандықтан, бұл күні Нұргүл Досаева халықты жұмыспен қамту барысындағы мәселелерді ортаға салды.
Қ.Ахметова