taza-kaz

Еңбектері үшін алғыс


30.07.2022

Шілденің 27-жұлдызында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумге белсене, жауапкершілікпен ат салысқан қызметкерлерді марапаттау шарасына ауданымыздың басшысы Сержан Аймақов, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Серік Сембаев, хатшысы Жібек Айтпаева қатысты.

Ауданымыздың әкімі:

- Біз бүгін бұл жерге сайлау науқанының өткізілуіне белсеніп қатысып, өз жұмыстарын жауапкершілікпен атқарған сайлау комиссиясының қызметкерлеріне алғыс айту үшін жиналдық. Сайлау процесі ойдағыдай өтіп, түсінбеушіліктер туғызатын мәселелер болған жоқ. Осының барлығы сіздердің жұмыстарыңыздың дұрыс жүруінің нәтижесінде жүзеге асты. Бұқар жырау ауданы аумағындағы тұрғындар сайлауға белсенді қатысып, өздерінің азаматтық көзқарастарын білдірді. Біз 51 сайлау учаскесін құрдық, оларда 293 адам комиссия мүшелері болды. Ұлттық референдум – мемлекетіміздің нақты өзгерістерге бағытталған көрінісі, сондықтан барлық күш конституциялық реформаны қоғамның қолдауына бағыттау үшін ұйымдастырылды. Сіздерге осы жұмысқа бөлген алтын уақыттарыңыз, жауапкершіліктеріңіз, шеберліктеріңіз үшін алғысымды айтамын. Сіздей мамандарға қандай да бір күрделі жұмыстарды тапсыруға болады, сіздер қалайда оны орындап шығасыздар, - деді.

Сонымен, маңызды сәт те тақалды. Ортаға аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Қазбекова Алуа, №534 сайлау комиссиясының төрағасы Амрашева Олимпиада, №527 сайлау комиссиясының хатшысы Қопабаева Роза шақырылып, оларға Алғыс хаттар мен гүл шоқтары тапсырылды. Бұл шараға №506 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Гүлстан Ермағамбетова белгілі себептермен келе алмады. Ол кісіге марапат кейіндеу тапсырылатын болды.

Қ.Ахметова

 

Д.Торжановтың суреттерінде: естелікке сурет; С.Аймақов, С.Сембаев А.Васильеваны марапаттады.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?