
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Жеңімпаздар анықталды
30.07.2022
Шілде айының 27-жұлдызында аудан әкімдігінің мәжіліс залында еліміз бойынша дәстүрлі түрде өтетін «Мерейлі отбасы» конкурсының қорытындысы жасалып, салтанатты түрде марапаттау шарасы өтті.
Отбасы – адамның өмір бойына жүрегіне қатталып қалатын алтын ұясы. Отбасында бала ізгілікті, мейірімділікті, кешірімділікті сіңіріп, үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды үйренеді. Жақсылықтың бәрі отбасынан басталады деп бекер айтылмаған. Отбасы - адамдарды жақындастырушы, ұрпақтар арасындағы бірлік пен тұтастықтың отын жағушы ұя. Сондықтан отбасы – барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де мықты болады. Адам баласы алғаш рет шыр етіп дүниеге келген сәттен-ақ отбасынан тәлім мен тәрбие алып, сол алған негіздерімен үлкен өмір жолына бет алады. Отбасы – адамның алтын діңгегі, аса қажетті де қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат баласына деген ықпалы мен әсерін, өмірдегі күшін өмірдегі еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды Ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын ештеңе толтыра алмайды.
Аталған байқау маусым айында өткен болатын. Салтанатты шараға келіп, жеңімпаздарды марапаттау құрметіне ие болған өңіріміздің басшысы С.Аймақов жиналған қонақтарға тебіреністі тілектерін арнады.
- Өткізілген конкурстың негізгі мақсаты – отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты некенің маңыздылығын тану, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт адамдарға қамқорлығын насихаттау, отбасының оң имиджін ілгерілету болып табылады. Аудандық комиссия келіп түскен өтініштерді қарастырып, ауданымыздың төңірегінде тұрып жатқан үш отбасыны іріктеп алды, - деген сөздермен марапаттау сәтіне көшті.
Сонымен, қуанышты сәт те келіп жетті. Үшінші орынды Хасеновтар отбасы (Ғ.Мұстафин кенті), екінші орынды Құсайыновтар отбасы (Баймырза ауылы), бірінші орынды Оразовтар отбасы (Көкпекті ауылы) иеленіп, аудан әкімі Сержан Жанабекұлының қолынан Алғыс хат пен гүл шоғын, бағалы сыйлықтар алды.
Сонан соң отбасылар Сержан Жанабекұлымен бірге естелік суретке түсті.
Шараның қорытындысында өңіріміздің басшысы:
- Әрбір адамға үйдің жылы ошағы, отбасы мүшелерінің жылы жүрегі мен мейірімі қажет. Бұлардың бәрін лауазыммен, ақшамен, доспен ауыстыра алмайсың. Сондықтан, сіздерге тілерім, сіздердің шаңырақтарыңыздың астынан отбасы мүшелерінің бәрі бақытты болу үшін керектінің бәрі табылсын. Өмірлеріңіз сәнді де мағыналы болсын. Бір-бірлеріңізді түсіну мен қолдау, шыдамдылық, махаббатқа толы және мағыналы күндеріңіз көп болсын, - деп сөзін аяқтады.
Қ.Ахметова
Д.Торжановтың суреттерінде: естелікке сурет.