taza-kaz

Халық алдында есеппен


28.09.2019

8 айлық қорытынды жасалды

Қыркүйек айының 20-жұлдызында Қаражар ауылында әкімнің міндетін уақытша атқарушы Тимур Амангелдиннің тұрғындар алдында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының өткен 8 айы бойынша атқарылған істер, тұрғындардың табысын және әлеуетін көтеру бойынша жұмыстардың қорытындысы тыңдалды.

Жиналысқа қатысушылар Мәнжі батыр атындағы орта мектептің акті залында жиналды.

Айтылғанның бәрі көрерменге слайдпен беріліп отырды.

Сонымен, баяндамашының деректеріне сүйенсек ауылдық округте 1692 тұрғын тұрады, Оның ішінде белсендісі 954 адам. Қоғамдық жұмыстарға осы уақыт аралығында 4 адам қабылданған. 14 тыл ардагері мен 5 ауған соғысының ардагері бар.

Ауыл аумағындағы 28 отбасыға адрестік әлеуметтік көмек тағайындалған. Ауылдық округте 41 мүгедек тіркелген. Жеке күтушілер - 6 адам, әлеуметтік қызметкер - 2 адам. Ауылдарда кіші және орта кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аударылады. Оның саны 14, олардың иелерімен азық-түлікке, күнделікті қажет заттарға бағаны көтермеу туралы келісім жасалған. Кәсіпкерлік бөліміне азық-түлікке қатысты бағалар мониторингі ұсынылады. Үшінші бағыт бойынша жұмыспен 25 адам қамтылып, жастар парактикасына 2 адам, қоғамдық жұмысқа 4 адам тартылған.

Ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша- екі өндірістік кооператив өсімдік өсірумен, 9 ШҚ өсімдіктер өсіру және ірі қара, ұсақ мал және жылқы өсірумен айналысады. Олар ауыл алқабына 700 га бидай, 976 га арпа, 105 га сұлы, 5 га картоп сіңірген.

Топан сулардың алдын алу бойынша да округте біршама жұмыстар атқарылған. Асыл және Қаражар ауылдарының ортасындағы жол тегістеліп, 300 тонна инертті материал әкелінген. Суағарлар да уақытымен тазаланып, күндіз және түнде кезекшілік жұмыстары жасалған.

Білім беру саласы бойынша - Мәнжі батыр атындағы мектепте 257 оқушы білім алады. Асыл және Геологическое ауылдарының балаларын автобус тасымалдайды. Жаңа мазмұнмен білім беру бойынша ұстаздардың 85 пайызы курстардан өткен. 36 балдырған мектеп ішіндегі шағын орталықта тәрбиеленеді. Волховская мектебінде 38 оқушы білім алады. Шағын орталыққа 14 бала келеді. Осы мектептің балалары үшін санитарлық  торап жабдықталған.

“Денсаулық” бағдарламасы бойынша - онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатындағы скринингтен  1282 адам өткен. Шешілмеген мәселелер - лаборатория, физиокабинет, дәріхана ашу. Қаражар ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда бес медбике қызмет атқарады, Геологическое ауылында фельдшерлік пункт қызмет көрсетеді.

Ауылдық округте мәдениет ошағы болмағанымен, салтанатты шаралар “Карина” мәдени орталығында өтеді. Тұрақты түрде күнпарақта белгіленген мерейлі даталар аталып өтеді.

Тимур Амангелдин сонымен бірге баяндамасында ауылда спорттың дамуы, ауылдық округтің  инженерлік инфрақұрылымының дамуы, сумен, электр энергиясымен, көлікпен қамтамасыз ету,  абаттандыру, мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсету орталықтарын құру, діни экстремизмге қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндап берді.

Ауыл тұрғындары баяндаманы ықыластарымен тыңдап, өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойды.

Онан соң Тимур Амангелдин ауылдық округтің жеке кәсіпкерлері М.Мұқановқа, В.Зауырбековке, С.Ибкеевке, С.Аллероеваға Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдық тойына қосқан ерекше үестері үшін Алғыс хаттар табыстады.

Қ.Ахметова

Д.Торжановтың суреттері.  



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?