taza-kaz

Ұстаздар - ұлы тұлға


30.08.2019

Бала жүрегі таза дәптер секілді, оған жазу жазатын - ұстаздар. Ұстаз - ұлы адам. Мұғалім болу үшін биік ой, үлкен жүрек керек. Ұстаз - әрқашан да жас болады, себебі ол жігер мен қуатты оқушыларынан алады, - дейді ұстаздар.    

Тамыз айының 28-жұлдызында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан ұстаздарының басын қосқан онлайн режимдегі семинар өтті. Оны облыс әкімі Ерлан Қошанов жүргізді.

- Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев білім саласындағы бірқатар мәселемен бөлісті. Біз отандық білім саласын дамытудың 8 міндетін айқындап бердік. Оның бәрін сіздер, ұстаздар қауымы ақпарат құралдары арқылы көріп, біліп отырсыздар. Олар ұстаздардың "Ізденіс" газеті мен сайтында жарияланған. Ақылдасатын мәселелелер де жеткілікті. Өйткені жас ұрпақ мәселесі барлығымызға ортақ мәселе. Күндер тоқтаусыз зырылдауда, білім саласы жаңа дәуір тынысына бейімделуге үлгермей жатыр. Сондықтан білім беруді дамытудың жаңа әдістері туралы сөйлесуіміз қажет. Бұл жерде білім беру саласының көкейтесті мәселелері айқындалады. Бүгін осы конференцияда облысымыз бойынша 10 мыңнан астам ұстаздар жиналды-деді.

Білім және ғылым вице-министр Биғали Рүстем Айдарбекұлы осы шараға шақырту алғаны үшін алғысын айтты.

- Осы конференция жыл бойы өткізілген форумдардың соңғы нүктесін қоюда. Еліміздің басшысы педагогтардың мәртебесін көтеру туралы заңды қолға алуды ұсынды. Болашақта ұстаздар еңбегіне сай жалақы алып, білім беруде жұмыстарын түбегейлі өзгертетін болады, - деген болатын.

Кәсіпкерлер палатасының өкілі Қарлығаш Оспанова бизнес кадрлармен қамтамасыз ету жұмысы жолға қойылмағанын, орта буын кадрларының жұмыс орнына барған кезде тәлімгерлері болмайтынын, сондықтан маманның тәмамдап келген оқу орны өз дәрежесінде білім бере алмаған деп бағаланатынын тілге тиек етті.

Бұл күні ұзын сонар баяндамалар оқылған жоқ. Заман талабына сай жаңашылдықпен жұмыс жасап жатқан кәсіп иелері өздерінің жұмысын қалай бастағандары, ол жұмыс адамдар үшін қандай пайда әкелді, осыларға тоқталды. Хамитова Айнагүл Қарағанды қаласында "Дарынды бала" деп аталатан 4 жеке меншік балабақша, бір өнер мектебін  ашқан екен. Бұл жолда да - балаларды тәрбиелеу ісіне сапа ісін қосу бастау алады. Осы орайда балабақша тәрбиешісінің, ұстаздар мен ата-аналар үшін 5 апталық онлайн курсын, 1600 сағат балалар үшін оқу курсын өткізген. Аталмыш жеке меншік балабақшада бүгінгі күні 850 бала тәрбиеленуде.

Келесі алдыға шығып, әдісін әңгімелеген Диана Сыздықова ауырып туған баласын өзі емдеп, оны білімді азамат қылып шығарған. Өзінің өмірлік тәжірибесінен сыр шерткен "Маленький гений" кітабын шығарған.

Онан соң семинарда SNTEM инновациялық білім беру лабораториялары жайында айтылды. Шахтинск қаласындағы білім беру саласындағы Фин жаңашылдықтары да назардан тыс қалмады. Оларды Николай Онсович, сонымен бірге Дана Асақаева, Наталья Сухорукова, Төлеген Ашимов, Асқар Абдразақов, Бақытқали Мұсабеков жұртшылыққа жеткізді. Онда қамтылған тақырыптар - балалардың мектептен мамандық алып шығуы, балалардың мектеп қабырғасынан қазақи тәрбие алып шығуы, мектептен бастап спортпен - футболмен айналысуы т. б. болды.

Бір жарым сағатқа созылған семинардың қорытындысында Ерлан Жақанұлы:

- Бүгінгі жаңа форматтағы семинар келесі жылы жалғасын табады. Бәріңізге мәлім "Педагог мәртебесі туралы" Заң әзірленуде. Ұстаздардың жалақысы өседі, олар қағазбастылықтан арылатын болады. Ол үшін білім беру саласына қатысты қоғамның санасы өзгеруі қажет. Жаңа оқу жылында ұстаздарға сәттілік, үлкен жетістіктер тілеймін,- деді.

Қ.Ахметова

Ж.Макишевтің суреті



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?