taza-kaz

Кепілді медициналық сақтандыру - өзекті мәселе


10.08.2019

Тамыз айының 8-жұлдызында аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік сақтандыру жөнінде семинар-кеңес өтті.

Аталмыш шараны аудандық әкімдіктің ішкі саясат бөлімі басшысы А.Теміржанов ашып,“Медициналық сақтандыру қорының” ҰАҚ Қарағанды облысы филиалының өтініштерді қарастыру және тұрғындарды ақпараттандыру бөлімінің басшысы С.В.Щеткина жүргізді. Оған ауданымыздың мекемелері мен бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.

- 2020 жылдан бастап біздің Республикамыздың барлық тұрғындары екі пакет аясында медициналық қызмет алуға мүмкіндік алады. Біріншісі - кепілді тегін медициналық қызмет көлемі, ал екіншісі - міндетті  медициналық жүйе қатысушылары үшін қызметтер көлемі,- деп бастады сөзін Светлана Валерьевна.

Барлық қатысушыларға медициналық және дәрілік көмек жіберілген жарналар көлеміне, жасына, әлеуметтік статусына, тұрған жері және табысына қарамастан көрсетілетінін  де айта кетті.

“Аз қамтылған отбасындағы әрбір қазақстандық үшін - ол бүгін азаматтардың 15 категориясы, жарналарды  мемлекет 2020 жылдың 1 қаңтарынан жүзег асыратын болады. Ол орташа айлық жалақының 1,4 пайызына тең болады. Бұл категорияға зейнеткерлер, балалар, көп балалы аналар, аяғы ауыр аналар, жас балалармен декрет демалысында отырған әйелдер, мүгедектер, жұмыс істемейтін оралмандар, білім беру бөлімдерінде оқитын тұлғалар, бала кезінен мүгедектерді қарайтын адамдар, сонымен бірге адрестік әлеуметтік көмек алуға құқығы бар адамдар. Бұлардың барлығы кепілді тегін көмек көлемі мен медициналық қызметтер пакетін ала алады”- деп түсінік береді “ФСМС“ ҰАҚ Қарағанды облысы филиалының директоры Фазыл Копобаев.

Жоғарыда аттары аталып өткен категориялар керекті тексерістерден өтіп, консультациялар ала алады. Үнемі қадағалауды қажет ететін аурулар бойынша да аталған сақтандыру қымбат тұратын лабораториялық және диагностикалақ қызметтер алуға мүмкіншілік берсе, сонымен бірге кейіннен ол науқастарды емдейтін дәрі-дәрмек алуға да мүмкіншілік береді.

Жұмыс істейтін азаматтар үшін жұмыс берушілер аударымдар жасайды, ал кепілді сақтандыру жүйесінің қатысушысы болу үшін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жұмыссыз деген статус алып, азаматтарды жұмыспен қамту орталықтарына тіркеуге тұруға міндетті немесе салық комитеттеріне кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеліп, кейіннен өзі үшін жарнаны аударуды қолға алады. 

Ал үй шаруашылығында отырған адамдар екінші деңгейлі банктер арқылы немесе Казпошта қызметін пайдаланып, орташа айлық жалақыдан 5 пайыз көлемінде жарна аудара алады. Қазіргі уақытта республикамыздың денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру тек қана мемлекеттік қаржыдан жүзеге асырылуда. Осының өзі  көптеген мәселелердің туындауына себеп болуда. Бюджет қаржысының жетіспеушілігі себебінен азаматтардың медицналық қызмет алуға шығындары ұлғаюда. Себебі олар жеке клиникаларға баруға мәжбүр болады.

Қаржыландырудың жетіспеушілігі жаңа технологиямен диагностика жасауға, қажетті медициналық құрылғыларды сатып алуға, сонымен бірге өте қымбат тұратын құрылғылармен жұмыс істеуге білікті кадрлармен қамтамасыз етіліп және оларды жұмыс істегені үшін жақсы айлық жалақымен қамтамасыз етумен  жұмысты жүзеге асырады. Осының барлығы маманға тексерістен өту үшін кезекке тізіліп отырудың азаюына, емдеу-диагностикалық шаралардың сапасын көтеруге әсерін тигізеді.

Алға шығып кеткен елдердің тәжірибесі көрсеткендей,  тиімді пішін -  қаржыландыру болып табылады. Адамның өмірі мен денсаулығы үшін біріккен жауапкершілікте азаматтардың өзі де, мемлекет те, жұмыс берушілер табылады.

Жиналғандардың барлығы осы айтылғандардан толықтай хабардар болып, түсінбеген жеріне сұрақтарын қойып, жауаптар алды. Аудан тұрғындары - С.Колоскова, М.Ибраева кепілді мемлекеттік сақтандыру жөнінде сұрақтар қойып, оларға жауап алды.

Қ.Ахметова

Д.Торжановтың суреттері



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?