taza-kaz

Жемқорлықтың алдын алу жолдары талқыланды


07.06.2019

Мамырдың 30-ы күні мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбында аудандық бөлімдер мен мекемелердің, мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен семинар өтті.

Семинарды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Арғын Теміржанов, «Қарағанды облысы жастар мен балалар ұйымдарының Одағы» ЖҚБ шығармашылық бірлестік жетекшісі Алданыш Мұсабеков, облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бас маманы Олжас Бұрханов жүргізіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында дәріс оқыды.

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде біздің мемлекетімізде де әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді. Бүгінде өміріміздің кез келген саласын қамтыған жемқорлықпен күресте қоғам болып, оның алдын алуға бағытталған шараларды бірлесе атқарып келеді.

Семинар жүргізуші О.Бұрханов біздің еліміз сыбайлас жемқорлық фактілерін жазалау және анықтаудан гөрі, оны болдырмау яғни алдын алу шараларына жіті көңіл бөлетіндігін алға тартты. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарық талаптарының өз заңдылықтары бойынша жүзеге асуына кедергі келтіріп, еліміздің ішкі ахуалына үлкен зиянын тигізуде. Осы орайда семинарға қатысушылар сыбайлас жемқорлық, тәуекел, туыстық байланыстар сияқты түсініктерді өздері қалай пайымдайтындықтарымен бөлісті.

- Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу кезінде әрбір мемлекеттік қызметші екі бірдей қағиданы қатаң есте сақтаулары керек.

Біріншісі пара алмау және ешкімге пара ұсынбау, екіншісі жемқорлық фактісі туралы құлағдар болған жағдайда міндетті түрде тиісті органдарға хабарлау, - деді О.Бұрханов ойын қорытындылай келе.

Семинардың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу мәселелері бойынша сұхбат орын алды.

Н.Әбікеева

Ж.Мақышевтың

 суреттері



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?