
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Күн тәртібінде: сенбіліктен қолжетімділікке дейін
13.04.2019
Cәуірдің сегізі күні аудан әкімі Шагурашид Мамалиновтың төрағалығымен аудандық бөлімдер, мекеме басшыларының, жергілікті қауымдастық мүшелерінің және ауылдық округтер мен кент әкімдерінің қатысуымен аппарат отырысы өтті.
Өткен аптада аудандық мәслихат депутаттарының сайлауымен Ботақара кентіне Нұрлан Бакишев және Керней ауылдық округіне Ерхан Есентаев жаңадан әкім болып тағайындалған болатын. Аппарат отырысында аудан басшысы жаңа әкімдерді таныстырып, олардан мемлекеттік қызметшілерге қойылып отырған талаптарды орындау барысында жоғары жауапкершілікті және өңір тынысын жандандыруды күтетіндігін жеткізді. Сонымен қатар, Ш.Мамалинов «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры болып Бақтияр Жаңбырбаев тағайындалғанын, жас басшыдан ауданымыздың кәсіпкерлік саласындағы жобаларға қолдау мен нақты жұмысты талап ететіндігін айтып, жаңа лауазым иелерінің қызметтеріне табыс тіледі.
Аппарат отырысында аудан басшысы өңірде қалыптасқан ахуалға назар аудара отырып, көктемгі қар суының қаупі сейілгендігін айтты. Қауіпсіздік шараларының басы-қасында талмай еңбек еткен мамандарға, өзінің орынбасарларына, елдімекен әкімдеріне және төтенше жағдайлар бөліміне алғысын жеткізді.
- Өңір тынысы тоқтамақ емес. Кешегі күні елдімекендерді судан аман сақтап қалу басты мақсатымыз болса, күн райының жылынуымен сол елдімекендерді қоқыстардан, тұрмыстық қалдықтардан тазалап, келбетін көркейту жұмыстары алдыңғы орынға шықты. Өткен аптада басталған таза бейсенбі, сенбілік жұмыстарымен тікелей танысып, атқарылған жұмысқа көңілім толмады. Үнемі және қарқынды жұмыс жасауымыз қажет, - деген аудан басшысы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Искакованың баяндамасын тыңдады.
А.Искакова өткен апта қорытындысы бойынша ауданымыздан 300 ұжым, яғни 756 адам, 60 техника шығарылып, 7 тіркелмеген қоқыс орны жойылып, ауыл тұрғындарымен 4 кездесу ұйымдастырылғанын айтты.
Ш.Мамалинов қазіргі таңдағы өзекті мәселе – елдімекендердің тазалығына тікелей сол ауыл, кент тұрғындары жауапты екендігіне, сенбіліктердің қазіргі қалыптасқан моделінен ауытқып, әркімнің өз жауапкершілігін сезініп, өз ауласын тазалықта ұстауы бағытында жұмыс жасауы қажеттілігіне тоқталды.
- Қазір мемлекеттік қызметшілер, ұстаздар мен дәрігерлер менің көшемді сыпырып береді деп отыруға болмайды. Әркім өз айналасын тазалықта ұстауы керек. Ал, мемлекеттік қызметшілер сыпырғыш, тырнауышпен емес, ауыл-кент тұрғындарымен тікелей түсіндіру жұмыстарын жүргізулері тиіс. Нәтиже сонда ғана болмақ, - деп түйді. Сонымен қатар, аудан басшысы тиімді бағамен қатты тұрмыстық қалдықтарды арнайы полигондарға тасымалдайтын транспорт нарығын қалыптастыру қажеттілігі жөнінде ескертіп өтті.
Күн тәртібіндегі кезекті мәселе «Бизнестің жол картасы-2020» кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламасының өңірде жүзеге асуы жөнінде аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д.Құтжанов баяндап, үстіміздегі жылдың бірінші маусымы бойынша 2 жобаның жүзеге асып, қалған екеуінің құжаттары банктерде қарастырылып жатқандығын айтса, жастарды кәсіпкерлікке тарту жөнінде жастар ресурстық орталығының директоры Е.Құрашев 41 адамнан өтініш түсіп, олардың бір бөлігі «Бастау-бизнес» курстарында оқып, қалғанын курстың екінші легінде және «Бизнес-кеңесші» курстарында оқыту жоспарланғанын жеткізді.
Аудан басшысы кәсіпкерлік саласындағы жұмыстың қарқынын арттырып, жауапты мамандардың әрқайсысы өздеріне тиісті салада білікті болулары қажеттілігін, Е.Құрашевқа жас кәсіпкерлердің электронды базасын жасақтауды тапсырды.
Өңірдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының тұрақталуы, бүгінгі күнде республика бойынша бағасы шарықтап кеткен өнімдердің ауданымыздағы бағасы да отырыс барысында талқыланып, оларды бақылауда ұстап, кәсіпкерлермен тиісті іс-шаралардың жүргізілетіндігі айтылды.
Аппарат отырысында шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының дамуы өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды анықтау жөніндегі «Е-Халық» ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізу, өңірлерді дамыту бағдарламалары бойынша Петровка ауылдық округінің әкімі Кәрібай Қаржановтың, Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Болатбек Қазатайдың есептері тыңдалды.
- Ауылдық округтерге жаңа тыныс бітіру – округ әкімдерінің негізгі міндеті. Өңірлерді дамыту бағдарламасын құрып, сол бойынша жұмысты ұйымдастыра білу жергілікті жерлердегі әкімдердің жұмысының негізгі көрсеткіші, - деген аудан басшысы қазіргі ақпараттық қоғамның талаптарын ескере отырып, әлеуметтік желілерде парақша ашу, кез-келген өтінішке жылдам да уақытылы жауап қату, ауыл тұрғындарының ой-пікірлері үшін қашан да қол жетімді болу қажеттілігін қатаң ескертті. Округ әкімдерінің жұмысына көңілі толмағандығын жеткізген Ш.Мамалинов алдағы уақытта олардың жұмысынан күтетін нәтижесін де түсіндіріп өтті.
Аппарат отырысының қорытындысы бойынша аудан басшысы Қ.Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай іс-шараларды ұйымдастырып, ғалымның өзі отырғызған саябаққа Үміткер және Ақбел ауылдарындағы орта мектеп ұжымдарын бекітуді, А.Искаковаға саябақты қоршау жұмыстарына қаржы қарастыруды, жергілікті полиция басқармасының басшысы Б.Кощегуловқа үйінің айналасын ретке келтіруден бас тартқан тұрғындарды заң бойынша жауапқа тартуға және барлық бөлім басшыларына әлеуметтік желілерде парақша ашуға тапсырма берді.
Н.Әбікеева
Д.Торжановтың суреті