
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Азаматтарды жеке қабылдау
06.04.2019
Мәселелер бақылауда
Сәуірдің 4-і күні аудан әкімі Шагурашид Қалиұлы Мамалинов азаматтардың жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауын жүргізді. Бұл күні аудан басшысының қабылдауына өздерін алаңдатқан сауалдарымен кірген тұрғындардың барлығы тиісті жауаптарын алды.
Қабылдауға кірген Ботақара кентінің тұрғыны Шынар Уахитова, баспана сұрай келіпті.
- Жолдасым жетім бала, әке-шешесі қайтыс болған. Қазіргі уақытта тозығы жеткен үйде тұрып жатырмыз. Өзім медбике мамандығын тәмамдағам. Балам әлі төрт айлық болған соң, жұмыс істеуге мүмкіндігім жоқ. Басқа пәтер жалдап тұруға жолдасымның жалақысы жетпейді, - деп, қазір баспанаға зәру болып отырғандығын жеткізді.
Шынардың өтінішін тыңдаған аудан басшысы кез-келген мәселе бойынша бұқарамен жұмыс жасау әрбір мемлекеттік қызметшінің тікелей міндеті екендігін айта отырып:
- Сіз медбике оқуын бітірген болсаңыз, бізге бүгінде Петровка және Ақбел ауылдарына медициналық қызметкер қажет. Егер Ақбел ауылына баратын болсаңыз, сіз мемлекет тарапынан қолдау шараларына ие бола аласыз, -деп жас отбасының мәселесін шешу үшін Ақбел ауылындағы бұрынғы әкімдік ғимаратынан пәтер жабдықтап беруге болатындығын айта келе, аудандық тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Ибраеваға жұмыс барысын қадағалауды тапсырды.
Аудан басшысына тұрмыстық мұң-мұқтажын айта келгеннің бірі Доскей ауылдық округінің Трудовое ауылының тұрғыны Айжан Дугалова. Жеті баланың анасы Айжан осыған дейін жалдап отырған пәтерін босатып, қазіргі таңда баратын жер таппай отырғандығын айтты.
Бірнеше жылдан бері үй кезегінде тұрған А.Дугалованың басындағы жағдаймен танысқан Ш.Мамалинов мәселені назарда ұстайтындығын жеткізді.
Н.Әбікеева
Д.Торжановтың суреті