
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Сайлауалды бағдарлама тыңдалды
30.03.2019
Аудандық мәслихат хатшысы Асхат Әли бастаған мәслихат депутаттары наурыз айының 28-і күні Ботақара кенті, Керней ауылдық округі әкімі лауазымына ұсынылған үміткерлердің сайлауалды бағдарламасын тыңдады.
Ботақара кенті әкімі лауазымына үміткерлігін ұсынып отырған Нұрлан Бакишев кентіміздің тұрғыны ретінде бүгінгі күні шешілмей жүрген мәселелердің баршасымен таныс екендігін және өзін әкімдікке ұсына отырып, жерінің көркеюіне атсалысуға тамшыдай болса да өз үлесін қосқысы келетіндігін жеткізді. Өз баяндамасында кенттің экономикалық, әлеуметтік тұрақтылығын жақсартып, көшелерді жарықтандыру мен тазалығын, жолдардың жөндеу жұмыстарын қолға алып, жұмыссыздықтың алдын алуға қажетті шараларды орындауды өзінің басты бағыты ретінде қолданатындығын айтты.
- Сізге дейін кент әкімі лауазымында болған тұлғалардың өңірімізде шеше алмай жүрген қандай мәселелері бар деп білесіз? - деген А.Сұлтанғалидың сұрағына жауап берген Нұрлан Базарбайұлы кентіміздің ішіндегі көшелердің көктемгі қардың еруі кезіндегі жағдайына тоқталып өтті.
- Өз бағдарламаңызда кентіміздің экологиялық жағдайын жақсартып, Нұра өзенінің тазалығын қамтамасыз етуге арналған жұмыстар жүргіземін деген бағытыңызды қалай іске асырасыз? - деген сұрағын қойған Г.Хомутоваға:
- Нұра өзенінің көктемгі қардың еруі салдарынан ағысы өзгеріп отыр. Сол үшін де техникаларды жұмылдыру арқылы өзеннің ретке келуіне жағдай жасап, жаз айларында өзіміз демалатын орнымыздың тазалығын сақтауға тұрғындарды жұмылдырамын, - деп жауап берді Нұрлан Базарбайұлы.
- Ботақара кенті ауданымыздың орталығы болғаннан кейін халықтың жағдайын жақсарту қажет. Сол үшін де тек қана екі қабатты үйлерде емес барлық кентіміз бойынша орталықтандырылған жылу жүйесін орнату жайлы ойыңыз қандай, - деген сұрағын қойды С.Артықбаева.
- Менің білуімше, бір кездері ауданымызда орталықтандырылған жылу жүйесі болған. Кент әкімі лауазымына тағайындалатын болсам, бұл істі қолға аламын деген ойым бар,- деп жауап берді үміткер.
Кент, ауылдық округ әкімі лауазымына үміткерлігін ұсынып отырған тұлғалардың мемлекеттік тілді еркін меңгеруі басты талаптардың бірі екендігіне тоқталды А.Әли.
- Сонымен қатар, жастармен жұмыс жасап, спорт пен мәдениеттің, туризмнің дамуына, кентімізде мал ұстайтын тұрғындардың жайылым мәселесін шешуге байланысты қандай шаралар қолдануға болады деген сынды сұрақтар тыңдалып, жауап берілді.
Ботақара кенті әкімі лауазымына үміткерлігін тіркеген Алмаз Аяпбергенов пен Любовь Лузикова денсаулықтарына байланысты сайлауалды бағдарламасын таныстыруға келе алмады.
Ал, Керней ауылдық округі әкімі лауазымына үміткерлігін ұсынған Ерхан Есентаев, Дулат Қалдыбаев, Мейрам Тулеуов, Ертарғын Құрашевтың сайлауалды бағдарламалары тыңдалды.
Мәслихат депутаттары тарапынан ауылдық округ бойынша білім бөлімінде кадр мәселесінің шешілуіне, ауыл жастарының салауатты өмір салтын ұстануына, ауыл ауызбіршілігінің нығаюы бағытында қандай жұмыстар жасалуы қажет екендігі жайында сұрақтары қойылды. Сонымен қатар ауылдық округ әкімі лауазымына тағайындалатын тұлғаның сол елдімекенге көшіп барып, халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуы қажеттілігі айтылды.
Өзінің табиғатымен, тоғыз жолдың торабында орналасқан қолайлы жеріне орай Керней жерінде бірқатар жобаларды қолға алуға болатындығына тоқталған Ертарғын Құрашев ауыл ішінде жеке кәсіпкерлікпен айналысуға мол мүмкіншілік бар екендігін айтты.
С.Артықбаева ауылдық округ лауазымына үміткерлердің елдімекеннің ішкі көшелері бей-берекет орналасуын, жолдардың сапасын жақсартуға арналған шараларды қолға алса деген ұсынысын жасады.
Ботақара кенті мен Керней ауылдық округіне өз кандидатурасын ұсынып отырған 7 үміткердің ішінен лайықты дегенді таңдау мәслихат депутаттарының алдындағы жауапты міндет екендігіне тоқталған А.Әли үміткерлерге сәуір айының 4-і күні өтетін сайлауда сәттілік тіледі.
Б.Жакешова
Д.Торжановтың суретті