taza-kaz

Басты орында - жастарды жұмыспен қамту


03.11.2018

Ертеңгі күні мемлекет тізгінін ұстайтын жастар ұлт пен елдің амандығына жауап беріп, мемлекетімізді көркейте түсетін азаматтар. Осы орайда Елбасы бастаған билік өкілдері жастар қауымына қашанда ерекше мән беріп, қолдау шараларын танытып келеді.

Қазан айының 30-ы күні аудан әкімі Шагурашид Мамалиновтың төрағалығымен аудан жастарының әлеуметтік, экономикалық хал-ахуалын зерделеген аудандық жастар ісі жөніндегі Кеңестің отырысы өтті. Кеңес жұмысына Кеңес мүшелері, кент, ауылдық округ әкімдері, олардың жастармен жұмыс жасайтын мамандары, аудандық басқарма басшылары және Жастар ресурстық орталығының нұсқаушылары қатысты.

Күн тәртібінде Бұқар жырау ауданы бойынша мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асуы және Гагарин, Центральный ауылдық округтерінде мемлекеттік жастар саясаты тақырыптары қарастырылып, аудан басшысы ел Президентінің Жолдауында келер жылды «Жастар жылы» деп атауды тапсырғандығын алға тарта отырып, ауқымды жұмыстар күтіп тұрғандығына тоқталды.

- Жастарды жұмыспен қамту, шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын ашуға баулу, оларға кеңестік бағыт-бағдар беру жастар ресурстық орталығымен бірлескен аудандық бөлімдердің тікелей міндеті. Осынау жұмыстың жүзеге асуы аудан жастарының табыстылығына байланысты, - деді Ш.Мамалинов.

Бірінші тақырып бойынша аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Е.Құрашев жастардың белсенділігін арттыру мақсатында ауданымыздың Ғ.Мұстафин кентінде, Керней ауылыңда «Coworking орталықтар» ашылып, орталықтар компьютер сыныбымен, қажетті құрал-жабдықтармен, тегін «wi-fi» желісімен жабдықталғанын айтты.

Бүгінде аудан орталығында облыстық әкім грантының иегері «Школа» жеке кәсіпкерлігінің басшысы А.Қасымжанова, Ботақара кентінің кәсіпкерлер палатасының ғимаратында кабинетті жалға алып, ағылшын тілінің курстарын өткізуді жоспарласа, Ж.Аупесимова жетекшілік ететін «Сапа» оқыту орталығы 2018 жылдың көктемінен бастап ағылшын тілінің курстарын өткізуде.

Орталық басшысы 2017-2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлік бағдарламасы аясында аудан жастарының 18-і бірінші бағыт бойынша қайта кәсіби даярлықтан өтіп, жаңа мамандықтарды игерсе, екінші «Бизнес бастау» бағыты бойынша 22 жас білім алып, шағын кәсіпкерлікке бет алған. Сонымен қатар жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына өтінішпен келген жастардың басым бөлігі жұмыспен қамтылған.

Ш.Мамалинов аудан жастарын жұмыспен қамту, олардың материалдық жағдайын қамтамасыз ету күн тәртібіндегі бірінші мәселе болу керектігін баса айтып, жастар арасында Елбасы Жолдауын насихаттау-түсіндіру жұмысының қарқынын арттыруды, аудан бойынша мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жоспарына мониторинг жүргізуді жүктеді.

Кеңес отырысы барысында Центральный және Гагарин ауылдық округтеріндегі жастармен жасалып жатқан жұмыс жөнінде есеп берген Р.Рахимов пен А.Әмрені тыңдаған аудан басшысы елдімекендердегі жастар саясатын жүзеге асыруға әкімдер тікелей жауапты деп жастармен жұмыс жасауға ең ұшқыр, жауапкершілігі жоғары маманды тағайындау қажет екендігін айтып, елдімекендердегі кәсіпкерлікті дамыту және жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу үшін мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстарын өткізуді тапсырды.

Н.Әбікеева

Д.Торжановтың суреттерінде: кеңес отырысы; залдан көрініс.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?