taza-kaz

Сессия


20.10.2018

Бюджеттің қайта бөлінуі заңдастырылды

Қазан айының 12-сі күні аудандық мәслихаттың хатшысы А.Әлидің, аудан әкімінің орынбасары А.Дардақовтың және мәслихат депутаты С.Артықбаеваның төрағалығымен аудандық мәслихаттың жиырма жетінші кезектен тыс сессиясы өтті.

Күн тәртібінде аудандық мәслихаттың 21 сессиясының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы №4 «2018-2020 жылдарға арналған кенттер, ауылдық округтер бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылған сессия отырысына депутаттармен қатар, бірқатар бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Ғ.Мұстафин, Қушоқы, Ростовка және Корнеевка ауылдық округтеріне мақсатты трансферттер бөлу және Баймырза, Доскей, Үштөбе ауылдық округтері мен Ботақара кентінің бюджеттік қаражатын қайта бөлу жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Е.Жұмашева ақпарат берді. Бөлім басшысының айтуынша, Қушоқы кентінің «Айналайын» балабақшасы қызметкерлерінің жалақысына 4,4 млн. теңге, Көкпекті ауылдық округіндегі «Нұр Сәби» балабақшасына 10,5 млн. теңге аудандық білім беру бөліміне бөлінген. Алайда, қазынашылық басқармасында келісімшартты тіркеу мүмкін болмағандықтан атаулы соманы ауылдық округтің бюджетіне қайта бөлу қажет. Сонымен қатар Ғ.Мұстафин, Ростовка, Корнеевка ауылдық округтеріне қосымша 200 мың теңге тұрмыстық қалдық полигонының жобалық-сметалық құжаттамасын жасау қажет.

Е.Жұмашева баяндамасының соңында, жоғарыда аталған барлық мақсатты трансферттер қазіргі уақытта қазынашылық басқармасында қарастырылып жатқандығын айтып, депутаттардан атаулы шешімді қабылдау бюджеттік үрдістің негізгі бөлігі екендігін, қойылған сауалдарға қатысты тиісті шешім шығаруларын өтінді.

Сессия барысында ауылдық округтердің әкімдері де өз өңірлеріне қатысты ақпарат берді. Ботақара кентінің әкімі Н.Шоқан Энергетик көшесіндегі қос қабатты үйлерді ортақ жылу қазандығына қосу мәселесін көтеріп, жылыту қазандығына қаржы бөлуді сұрады. Үй тұрғындарының көпшілігі орталықтандырылған жылу жүйесін қосуға ризашылық танытқандығын айтқан кент әкімі депутаттардың қауіпсіздік, көмірді сақтайтын арнайы орын туралы сауалдарына жауап берді.

Сонымен қатар, 2018-2020 жылдарға арналған Ғ.Мұстафин кентінің бюджетін ұсыну үшін кент әкімі Х.Рыспеков, Қушоқы кентінің әкімі Қ.Құсайынов, Доскей ауылдық округінің әкімі Ә.Байғожин, Көкпекті ауылдық округінің әкімі А.Досмақов, Корнеевка ауылдық округінің әкімі Т.Ргебаев, Баймырза ауылдық округінің әкімі С.Ахмедин, Ростовка ауылдық округінің әкімі А.Отынчиев, Үштөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Көпбаева баяндама оқып, өздеріне берілген бюджеттің жұмсалуына тоқталып, жасалған үнемнің өзге салаларға бағытталуын сұрады.

Сессия қорытындысында келіп түскен бюджеттік өтінімдер мен жергілікті қауымдастықтың хаттамаларына сәйкес, төрт округте дербес бюджеттің қайта бөлінуіне қатысты өзгерістер бекітілді. Сонымен қатар бес округ бойынша білім беру бөлімі мен тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімі арқылы берілетін 15,6 млн. теңге көлеміндегі сома мақсатты трансферттер ретінде заңдастырылды.

Н.Әбікеева

 

Д.Торжановтың суретінде: сессия президиумы.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?