
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Заңды білу - өзің үшін
30.08.2018
Өткен аптаның жұмасында аудан әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Аталған семинарға аудан әкімінің орынбасары Айғаным Ақпанова, Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Қасембаева мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комисияның хатшысы Тастемір Әбішев жетекшілік етті.
Ең алдымен сөз алған А.Ақпанова көптен күткен мерейтой лебі әлі де тарқамай аудан халқы мерекелік көңіл-күйде екендігін айтып, оқыту-семинар тренингінің жүргізуші мамандарын жылы шыраймен қарсы алып, сөз кезегін берді.
- ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Қарағанды облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп отырған семинар-тренинг Конституция күнімен қатар келіп отыр. Бұл семинар осы залда отырған мемлекеттік, құқық қорғау саласындағы қызметкерлер үшін іс-тәжірибе жинақтауға зор мүмкіндік,- дейді Г.Қасембаева.
Қарағанды өңірі бойынша үш күн қатарынан өткізіліп келген семинар-тренингте мемлекеттік, құқық қорғау саласы, білім саласы қызметкерлері елімізде адам құқықтарын қорғаудың қандай тетіктері бар және оны қалай жүзеге асыру керектігі түсіндірілді.
Қарапайым халықтың өз құқықтарына сауаттылығын арттырып, азаматтарымыздың құқықтар мен бостандықтарды біліп қана қоймай, қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттерін ескеру керектігін айтқан Т.Әбішев «Құқық пен міндет қатар жүретінін ұмытпайық» деді.
- Қазіргі таңда қазақстандықтардың көбісі өз құқықтарын қорғай алатындай жағдайға жеткен. Десек те, заңнамалардығы түрлі өзгертулер мен толықтырулардан уақытылы хабардар болмайтын тұрғындарымыз түсінбеушіліктерге тап болып жатады,- деген комиссия хатшысы адам құқықтарын қорғаудың халықаралық механизмдеріне тоқталып өтті.
Еңбек ақысы жөнінде туындайтын дау-дамайлардың шешілуі мен азаматтардың өз еңбек құқығын қорғай білуі үшін қажетті ақпарат беріп өткен ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшысы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Светлана Жаркеноваға тыңдарман тарапынан еліміздің ауыр қасіреттерінің бірі - Семей полигонынан келген тұлғалар үшін еңбек демалысына қосымша күн қосылады ма, жүкті әйелдерді басшылық іс-сапарларға жібере алады ма деген сынды сұрақтар қойып, жауаптар алынды.
- Конституциямызда бекітілгендей, еліміз - демократиялық, құқықтық, зайырлы мемлекет. Оның басты құндылығы – адам, оның өмірі мен бостандығы екендігін баршамыз білеміз. Қазіргі күні біздің қоғамда сөз бостандығы қалай, кез-келген адам өзіне керекті ақпаратқа қол жеткізе алады ма, бүгін біз осы мәселе төңірегінде сөз қозғайтын боламыз,- деген ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі, «MEDIALIFE» қоғамдық қорының президенті Ольга Волкова қатысушылардың әрқайсының ойын тыңдады.
Тыңдармандар тарапынан ғаламтор желісіндегі жалған ақпараттардан қалай құтылса болады, мектеп басшысының сабақ беруі орынды ма сынды сұрақтарына жауап берілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Л.Күніспековадан шалғай ауылдағы мүгедек апаға әлеуметтік қызмет көрсететін қызметкерлердің үстіне үйімнен бағалы заттарды ұрлады деген айып тағылуда. Біз әлеуметтік қызметкер ретінде ол қарияға қызмет көрсетуіміз керек, бірақ өздеріне тағылған жалған айыптан кейін қызметкерлер ол үйге барудан бас тартуда. Осы жағдайды қалай шешуге болады деген сұрақ қойған еді.
- Әлеуметтік сала қызметкерлері қарияның үйіне барар уақытта құқық қорғау саласының мамандарымен бірге баратын болса, немесе ол кісінің балаларының жағдайы ата-анасын бағуға келетін дәрежеде болса, қолға алуын заңды түрде талап етуге болады,- деп жауап қайырды Т.Әбішев.
А.Ақпанова қонақтардың баршасына қатысушы мамандардың қажетіне жараған, біліктілігін арттыратын, шеберлігін шыңдауға көмектескен семинар-тренинг үшін алғыс білдірді.
Б.Жакешова
Д.Торжановтың суретінде: семинар сәттері.