taza-kaz

Тазалық жұмыстары қарастырылды


14.07.2018

Шілде айының 11-жұлдызында аудан әкімдігінің шағын залында аудан әкімінің орынбасары С.Сатаевтың басшылығымен, кент әкімі Н.Шоқанның, аудан орталығындағы мекемелер мен ұйымдары басшыларының қатысуымен Бұқар жыраудың 350 жылдық мерейтойын тойлау аясында аудан орталығын тазалау, көркейту жұмыстарын жүргізу туралы кеңес өтті.

Тамыз айында ауданымызға көптеген қонақтар келеді, сондықтан кентіміз жайнап, жарқырап тұруы баршамызға сын.

Кент әкімдігі біршама аумаққа созылып жатқан аудан орталығы аумағын мекемелер мен ұйымдардың қарамағына бөліпті. Онда атқарылатын жұмыстар ауқымы да өте үлкен. Жаздың жаңбырлы болуы себепті жер бетіне шыққан шөптің түрлеріне сан жетпейді.

Ағаштар да бұтақтарын жайып, көрер көзге сүйкімісіз болып бой көтеруде.  

Жұмыспен қамту орталығы Қарағанды-Қарқаралы трассасы бойында - аркадан Бұқар жырау көшесінің қиылысына дейін Рахат магазині жақтан  шөптерді шауып, бордюр тастарын сылайды, қоқыстарды жинайды, темір қоршаулар мен металл қоршауларды бояйды. Қарағанды-Қарқаралы трассасы бойында сонымен бірге “Әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі”ММ Бұқар жырау көшесіндегі “Азық-түлік” дүкеніне дейін аркадан бастап тазалық жұмыстарын, “НұрОтан” партиясының филиалы, Жастармен жұмыс жасау ресурстық орталығы осы трассаның бойындағы Бұқар жырау көшесінен бастап Қазыбек би көшесіне дейін екі жақтан тазалайтын болады.

Аудан аумағындағы барлық мекемелер басшылары отырыста “Таза бейсенбілік” пен “Сенбіліктерде” өздерінің қай жерде жұмыс істейтіндіктерін білді, сұрақтарын қойды, түсінбеген мәселелерін сұрап, білді. 

Қ.Ахметова

Д.Торжановтың суреті



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?