taza-kaz

Сапалы жұмыс - ел игілігіне


11.11.2017

Аудан әкімі Шагурашид Мамалиновтың төрағалығымен өткен жиында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау туралы мәселелер талқыланды. Аудан прокуроры Жандос Сыздықов, ауылдық округ әкімдері мен жергілікті атқарушы билік өкілдері қатысқан жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған іс-шаралар бойынша баяндамалар тыңдалды.
Ағымдағы жылы тұрғындар тарапынан келіп түскен шағымдар легінен баяндама жасаған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Г.Абжановаға Ш.Мамалинов халықпен жұмыс жасауда нақтылықтың жетіспейтіндігін айтты.
- Ауылдық жерлерде өткен жиын барысында тұрғындар мемлекет тарапынан берілетін көмек пен бағдарламалардан хабарсызбыз деп шағымдарын айтып жатады. Сіздер халықты ақпараттандыру үшін таратып жататын брошюралардың қарапайым халыққа түсінікті тілде жазылуына ден қойыңыздар. Көбіне халықпен тығыз қарым-қатынас орнатып, олардың шешілмей жүрген мәселелерін тыңдап, қолдан келген көмекті көрсету - біздің басты міндетіміз,- деді Ш.Мамалинов.
Жиын барысында экономика және қаржы бөлімінің басшысы Е.Жұмашева, Ақбел, Тоғызқұдық, Ботақара ауылдық округтерінің әкімдері дайындаған баяндамалары тыңдалып, өзекті деген сұрақтар талқыға салынды.
- Жеке тұлғалардың өтініштері мен шағымдары уақытылы қаралып, ол үшін арнайы жәшіктер де орнатылған. Мектепте, мәдениет үйінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жүргізу шаралары бойынша ақпараттық кештер өткізіліп тұрады, -деген Тоғызқұдық ауылдық округінің әкімі Е.Кәріпбаев ауыл ішіндегі ауыз су мен тұрғындардың аудан орталығымен қатынасып тұруына керекті автобус, алдыңғы жылғы жөндеу жұмыстарынан кейін де төбесінен су ағып тұрған мәдениет үйінің жай-күйіне байланысты сұрақтарына жауап берді.
Ауылды ауыз сумен қамту мәселесі бойынша бірталай сұрақтар қойылды. Халықтың жағдайын жақсартуға жасалған жұмыстың барлығы халықпен бірлесе отырып жасалуы тиіс. Себебі, бірлесе жасалған жұмыс өнімді болады.
Жеке тұлғалардан жолдаған шағымыма толық жауап алмадым деген сөздерді естіп жатамыз. Осы бағытта аудан прокуроры Ж.Сыздықов:
- Әр шағым тастаушының өтінімі қаралып, шешім шығарылғаннан кейін біз ол тұлғаның қалдырған мекен-жайына жауап жазатынбыз. Біз жазған жауапты түсінбеген тұлға шағымыма дұрыс жауап келген жоқ деген пікір білдіргеннен соң жыл басынан бастап түскен шағымдарда тұрғындар көрсеткен нөмірлерге хабарласып, арнайы шақыртып, ол кісінің жолдаған шағымына берілген жауапты толығымен түсіндіру арқылы нақты нәтижеге қол жеткіземіз,- деді.
Аудан әкімі ауыл тұрғындарының игілігі үшін жасалып отырған іс-шаралардың барлығы сапалы орындалуы керек деп жиынды қорытындылады.
Б.Жакешова

Д.Торжановтың суреттерінде: Ж.Сыздықовтың жауабы; Е.Жұмашева тыңдалды.
 



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?