taza-kaz

Қыс мезгіліне дайындық пысықталды


04.11.2017

25 қазан күні облыс әкімдігінде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупаның төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша облыстық комиссияның отырысы селекторлық режимде өтті.
Селекторлық режимде өткен отырысқа аудан әкімінің орынбасары Арман Дардаков,  төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Нұрмұхамед Интуев, аудандық жол пайдалану бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде республиканың жер сілкіну қаупі бар өңірлерінде жер сілкінісі ықтималдығына облыс басқару органдарының дайындығы және алдағы қыс маусымының төтенше жағдайларың алдын алу және жою, қыс мезгілінің келуімен жыл сайын төтенше жағдайлар бойынша қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдардың өзара әрекеттестігімен облыстың азаматтық қорғау аумақтық бөлімшелерінің күш пен құралдарының жағдайы сияқты сұрақтары қарастырылды.
Сұрақтарды қарастыру бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник М.К.Қатпанов баяндама оқыды. Департаменттің мүдделі органдармен келісімі бойынша республиканың жер сілкіну қаупі бар өңірлерде жер сілкінісінің зардаптарын жою үшін жұмылдыратын Қарағанды облысының апаттық-құтқару қызметтері мен құрамаларының күш пен құралдар топтарының жобалары пысықталды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе - қыс мезгілінің келуімен жыл сайын орын алатын төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдармен дайындық жұмысы, облыстық, республикалық жолдардың дайындығы сөз болды. Өткен жылғы қыс айларының қорытындыларына тоқталатын болсақ, 85 рет автокөлік қозғалысына шектеу қойылған. Атаулы жағдайлардың алдын-алу үшін ағымдағы жылдың қазан айында тартылған күш саны 1273 адам және 691 бірлік техниканы құраған.
Бұдан басқа, қар құрсауы мен күрделі метеожағдай кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жалпы облыс бойынша 28 жылыту пункті жұмыс істейтіндігі, олардың 8-і республикалық маңызы бар жолдарда және 20-сы облыстық жолдарда, бұған қоса телефон байланысы бар және жылыту пункті ретінде қолдана алатын 79 сөйлесу пункті жұмыс істейді. Біздің ауданымыздың аумағында 2 бірдей сөйлесу пункті орналасқан.
А.Дардаков ауданымыз бойынша қыс мезгіліне дайындық шаралары өз деңгейінде жүргізіліп жатқанына тоқтала отырып:
- Алдын-ала бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша әрекет етіп, қажетті техника бірлігінің техникалық жарамды болуын қамтамасыз ету қажет, - деп тапсырды.
Селекторлық комиссия отырысы барысында Н.Интуев аудан көлемінде қыс мезгіліне дайындық жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп, жауапты ұйымдар мен мекемелермен тиісті жұмыстар атқарылғандығын айтты.
- Ең бастысы, туындаған күрделі мәселелерді дер кезінде шешіп, тиісті шешімді қабылдай білуімізде, - деді.
№1 жол пайдалану бөлімі өкілінің айтуынша, өздері қызмет көрсететін Қарағанды, Ботақара,  Тоғызқұдық бағыттары бойынша 572 шақырым жолға қыс бойы 18 техникалық бірлік қызмет көрсетпек.
Сонымен қатар, отырыс барысында тұрғындар тарапынан боранды күнде жолға шығу немесе жалған ақпарат тарату арқылы төтенше жағдайлар бөліміне жалған шақырту жасау фактілері туралы да айтылды. Аудан төңірегінде қандай да бір жағдай орын алмасын, ең алдымен ішкі күштермен шешу бірінші орынға қойылады. Сондықтан ішкі  жауапсыздық салдарынан өзгелердің өміріне қатер төндіру - азаматтық тұрғыда заңмен жауапқа тартылуы қажет деді отырысқа қатысушылар.
- Мысалы, өткен жылы жалған шақырту фактісінің нәтижесінде құтқаруға барған медициналық топ ақ түтек боранда адасып, аудан орталығына әзер жеткен болатынбыз, - дейді аудандық аурухана басшысының орынбасары Ж.Төлеуханов.
Алда қытымыр қыс айлары келе жатқандығын назарға алатын болсақ, өзінің және жанұясының қауіпсіздігін әрбір азамат қамтамасыз ете білуі қажет.
Қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларды жоюға басқару органдарының күш пен құралдарының дайындығы ағымдағы жылдың 9-10 қарашада өтетін «Қыс-2017» республикалық командалық- штабтық оқу жаттығуларында тексерілмек.
Отырыс соңында аудан әкімінің орынбасары тиісті құрылымдарға техниканы толыққанды даярлықтан өткізуге, туындаған  мәселелер мен сауалдарды дер кезінде көтеріп, шешім қабылдауға тапсырма берді.
Н.Әбікеева



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?