
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Рухани жаңғыру
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Жастарды алаңдатқан сауал партия назарында
23.09.2017
Тамыздың 15-і күні «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облысы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова, партияның аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Шагурашид Мамалинов өңіріміздің белсенді жастарымен кездесті.
Кездесу барысында Қадиша Оспанова Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын негізге алып, қоғамдық жаңғыру кезеңінде ұлттық кодымызды сақтай отырып даму қажеттілігіне тоқталды.
- Президентіміздің қойып отырған мақсат-міндеттерін жүзеге асыру барысында жастардың атқаратын еңбегі орасан зор. Әсіресе, қазіргі күнде өзекті болып отырған латын қарпіне ауысу ел жастарының үндеуімен жүзеге асуы керек. Олар алдыңғы буынға қарағанда, техникамен етене жақындықта өскендіктен, латын қарпінде теріп, жазуды еркін меңгерген, - деген Қ.Оспанова аудан жастарына біріге отырып, атаулы салада қарқынды жұмыс жүргізуге үндеу тастады.
Сонымен қатар, кездесу барысында партияның «Ардагерлерді ардақтайық» бағдарламасының аясында жыл бойы соғыс, еңбек, тыл ардагерлеріне, көмекке зәру қарияларға көмек қолын созу қажеттігін және атаулы жұмысты бір рет қана емес, тұрақты түрде ұйымдастыру қажеттілігін баса айтты.
Қ.Оспанованың айтуынша, қазіргі таңда жастардың кәсіпкерлікпен айналысып, өз істерін дамытулары үшін барлық жағдай жасалған. Мемлекет тарапынан оларды қолдау үшін арнайы «Сәтті қадам» жобасы да қолға алынған.
- Атаулы жоба мектеп бітірген түлектердің үлкен өмірге қадам басқан сәтінде мемлекет тарапынан қамқорлықты, қолдауды сезінуіне бағытталған. Осы орайда, бүгінгі таңда партияның облыстық филиалымен мектеп бітірген түлектерді оқу орындарына, жұмыс орындарына орналастыруда бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды, - деп тоқталып, «Бизнестің жол картасы-2020», нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жобаларын түсіндіру мақсатында арнайы акциялар, ашық есік күндерін, автокеруендер ұйымдастыруды тапсырды.
Облыс көлемінде жастарға арналған бағдарламалар мен олардың нәтижесі жөнінде «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев тоқталып, партияның андроид, IOS платформаларында мобильді қосымшалары жұмыс істеп тұрғанын, өңіріміздің кез-келген тұрғыны оны қажетіне жарата алатындығын айтты.
- Жақында Н.Назарбаевтың тікелей қатысуымен республикалық «Жас Отан» жастар қанатының кезекті съезі өтеді. Ауқымды шараға да өңіріміздің ең белсенді, өмірлік ұстанымы ерекше жас азаматтары баруы қажет, - деп еске салған Н.Жетпісбаев ынталы азаматтардың ауданымызда баршылық екендігіне сенім білдірді.
Өз кезегінде кездесуге қатысып отырған жастар да алаңдатқан сауалдарын ортаға салды. Солардың бірі Жаңаталап ауылына қазақ тілі және әдебиеті пәнінің ұстазы болып келген Әділбек Құмар «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша әлеуметтік қолдау шаралары – бюджеттік несие мен бір реттік өтемақы ала алмай отырғандығын ортаға салды.
- Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын оқыған соң, түп тамырымыз - ауылға оралдым. Алайда, аудандық қаржы және экономика бөлімі бағдарлама бойынша қаржының бөлініп, қазіргі күні таусылғанын айтты, - деп жағдайын баяндады. Атаулы жағдай Ә.Құмардың ғана емес, тағы да бірқатар жас маманның ортақ мәселесіне айналған.
- Біздің ауданымыз облыс орталығына жақын орналасқандықтан, жыл сайын келетін жас мамандар көп. Оған мемлекет тарапынан бөлінген қаржы жетпейтіндігі де жасырын емес,- деп Ш.Мамалинов облыстық деңгейде атаулы мәселені көтерудің маңызды екендігіне тоқталды.
Қ.Оспанова партияның қоғамдық қабылдау бөлімі арқылы бағдарлама бойынша орын алған жағдайдың анық-қанығына көз жеткізіп, өз тарапынан қолдау көрсететіндігін айтты.
Н.Әбікеева
Д.Торжановтың суреті