taza-kaz

Құрметпен шығарып салды


19.08.2017

Ауданымызда қалыптасқан игі дәстүр бойынша тамыз айының 17-сі күні аудан әкімі Шагурашид Мамалинов аудан әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған Руслан Нұрмұханбетовты басқа қызметке ауысуына байланысты салтанатты түрде шығарып салды.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары А.Ақпанова, аудандық бөлім, басқарма басшылары мен бірге қызмет атқарған әріптестері қатысты.
Осыған дейін аудан әкімінің әлеуметтік және ішкі саясат мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымын атқарған Руслан Есенбекұлы еңбек жолын 2005 жылы Қарағанды облысы Осакаров ауданы Молодежный кенті әкімі аппаратында маман болып бастаған. Кейінгі жылдары Осакаров ауданы әкімі аппаратында мемлекеттік-құқықтық бөлімнің бас маманы, мемлекеттік-құқықтық бөлімнің басшысы, аудан әкімінің заңгерлік мәселелері бойынша бас инспекторы, Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы басшысының орынбасары, 2013 жылдан 2015 жылға дейін Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.
Р.Нұрмұханбетовтың әр жылдары аудан игілігіне атқарған еңбегіне жіті тоқталған Ш.Мамалинов:
- Ол еңбек жолын Осакаров, Бұқар жырау аудандарында мемлекеттік қызметтің ең төмен сатыларынан бастап, өзін жұмыстың ең күрделі салаларын іштей білетін маман ретінде таныта білді. Руслан Есенбекұлының еңбек жолы мемлекеттік қызмет саласында өз таңдауын жасаған жас мамандарымызға үлгі болмақ, - деп, оның Ғ.Мұстафин кентінде орын алған табиғи апат, оның салдарын қалпына келтіру кезеңінде кәсіби біліктілігін танытып, заңнамалық тұрғыда туындаған көптеген күрделі мәселелердің оңтайлы шешімін таба білгендігін атап, барша Бұқар жырау ауданының тұрғындары атынан алғыс білдірді.
Сонымен қатар аудан басшысы Р.Нұрмұханбетовке ауданымыздың игілігіне жасаған еңбегі үшін құрмет грамотасы мен шоқ гүлдерін табыстады.
Руслан Есенбекұлын білікті басшы, сенімді әріптес ретінде білетін аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Л.Күніспекова, әділет басқармасы басшысы А.Айкенова, аудандық орталықтандырылған аурухана басшысының орынбасары Ж.Төлеуханов, аудан әкімінің кеңесшісі Ш.Курбанов, жастар ресурстық орталығының ақпараттық-қамсыздандыру бөлімі басшысы С.Колоскова өздерінің ақ жарма тілектерін білдіріп, биіктен көріне беруіне тілектестік білдірді.
- Біз сияқты қарияларға көп нәрсе керек емес. Жастардың кішіпейілділігі, жылы амандығы – жанымызды жадыратып, көңілімізге шуақ орнатады. Биік қызметтерде жүрсе де, үнемі көмек қолын созуға дайын тұратын азаматтың бірі - Руслан Есенбекұлы, - деген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Арбабаев ақсақалдар атынан ақ батасын берді.
Барша жиналған әріптестеріне ақ пейілін танытқан Р.Нұрмұханбетов бірге жұмыс жасаған азаматтарға алғыс айтып, іскерлік байланыстарының үзілмейтіндігін жеткізді.
- Біздің ауданымызда қызмет жасаған көптеген мамандар қазіргі таңда облыстық, республикалық деңгейде еліміздің мүддесіне еңбек етуде. Сіз де солардың қатарын толықтырып, биіктен биікке жете беріңіз, - деп салтанатты шараны қорытындылады Ш.Мамалинов.
Н.Әбікеева



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?