
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Рухани жаңғыру
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Жастар саясатының әлеуеті жоғары
05.08.2017
Шілде айының 26-сы күні аудан әкімі Шагурашид Мамалиновтің төрағалығымен жастар ісі жөніндегі кезекті жиын өтті. Аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме басшылары мен жас кәсіпкерлер қатысқан жиында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, жастар саясатын іске асыру, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту мәселелері қаралып, баяндамалар тыңдалды.
Жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Б.Жаңбырбаев өз баяндамасында жастар арасында көп қозғалып жүрген мәселер мен ағымдағы жылда жасалған жұмыстар легіне тоқталды.
- Жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендету бойынша жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда. Өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікке оқыту бағдарламасы бойынша 22 адам жұмысқа орналасып, 12 адам оқуын жалғастыруда. Уақытша жұмыс орындарына – 6, әлеуметтік жұмыс орындарына – 12 адам орналаса, 22 адам шағын несие алуға өтініш беріп, оның 13-і несие алды. Бұқар жырау аудандық кәсіпкерлер палатасында «Бизнес Бастау» жобасы бойынша 102 адам білім алып шықса, соның 30 пайызы жеке бизнесін ашқысы келетін жастардан құралған. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 62 адам әлеуметтік қолдауға ұсынылып, соның ішінде 53 жас маман ұтқырлық жәрдемақысына ие болды. 9 маман бюджеттік несие алды. Сонымен қатар, маусым айының 1-нен бастап құрылған «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 30 адам жұмыспен қамтылып, ауданымызды көгалдандыру, тазалығын сақтау шаралары бойынша бірталай жұмыстар жасалуда,- деді Б.Жаңбырбаев.
Қазіргі таңда жасөспірім балаларымыз ең алдымен астымда көлігім, басымда баспанам болса, өз жағдайымды жасап, өз аузыма қолым жеткен кезде барып бірақ отау құрамын деген арман жетегінде жүреді. Ал бұндай арманға қол жеткізу үшін, ең алдымен жалқаулықты тастап, тынбай еңбектену керек. Жастарға демеу, қолдау беретін жастар ресурстық орталығының қызметкерлері жасөспірімдермен жиі кездесіп, көкейлерінде жүрген проблемалық сұрақтарына құлақ түре білгені жөн. Оларға армандаған мақсаттарына жету жолының түрлі бағыттарын көрсетіп, өз алдына жеке кәсіппен айналысуды бастауына негіз болуымыз керек. Бізде оттай лаулап жанған жастар көп, тек қолдау-қолпаштау керек, - деді Ш.Мамалинов.
Келесі сөз кезегін алған кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы Е.Құрашевтің баяндамасы тыңдарман жастардың қызығушылығын арттырып, жеке бизнесін ашамын дегендер түрлі бағдарламаларға байланысты өз сұрақтарына жауаптар алды.
Аудан әкімінің «3 жылдық жұмыс тәжірибеңізде қанша жасөспірімге жеке бизнесін ашуға қолдау көрсеттіңіз, жеке кәсібін ашуда жастар қандай қиындықтарға тап болып жатады?» деген сұрағына:
- Көптеген жас мамандардың өз баспаналары болмағандықтан, несие алуда кепілдікке қоюға мүлкі болмай үлкен кедергіге жолығып жатады,- деп жауап берді.
Ауыл шаруашылық секторының басшысы Б.Өскенбаеваның баяндамасында жас кәсіпкерлер арасында үздік атанып жүргендердің есімдері аталып өтті.
Жиында жас кәсіпкерлер сөз алып, кәсібін ашамын деушілерге өз кеңестерін айтты. Өз жасындағылар арасында ширақтығы мен алғырлығымен көзге түсіп жүрген жас кәсіпкер, «Бақшалы» кооперативінің басшысы Н.Хамсбай:
- Менің байқағаным, жастар оқуларын тәмамдаған соң ауылдық жерде қалғысы келмей, қаланың өміріне қызығып кетіп жатады, сонда жұмысқа орналасып, көтерілуді армандайды. Өз басым қалалық жерде жұмыс жасадым. Бірақ, өз ауылыма қайтып келіп, жеке бизнесімді ашуды қолға алдым. Себебі, бәріміз осы өңірдің тумасымыз. Өз ауданымызды біз көтермегенде, кім көтермек?! Ауылдық жерде де тұрып, көтерілуге болады, тек қана жалқаулық танытпай алға қарай талпыну керек. Әр нәрсенің өз қиындығы болады, оның ешқайсына мойымаған жөн. Құладың ба, қайта тұр, қайтадан талпын, түбі бір жеңіске қол жеткізесің. Бірден танымал кәсіпкер болып кету ешкімнің қолынан келмейді, шыдамдылық, төзім, талмай еңбектену керек,-деді.
Ағымдағы жылы облыс әкімінің грантын ұтып алған ботақаралық жас кәсіпкер А.Қанышев пен «Олимп» шаруа қожалығының басшысы С.Моцный болашақта кәсіптерін дамытуда алға қойған жоспарларымен бөліссе, жол жиек қоршауларын өндірумен айналысып жүрген жеке кәсіпкер Ж.Садықанов бизнесінің ақырындап қарқын алып келе жатқандығын айтып өтті.
Сонымен қатар жиын барысында Тұзды ауылдық округінен келген М.Досмағанбетова мен Ө.Хасимхан ауыл ішіндегі және сыртындағы жолдың ойлы-қырлы болғандығынан көп көліктер ауыл ішіне кірмей айналып өтетіндігін, ауыл жұртшылығының көп жылдан бері сұрап келе жатқан жол бойына аялдама, мешіт орнату мәселелерін қарастыруды өтінсе, қарақұдықтық М.Сакиров жастардың көп шоғырланып, бас қосатын ғимараты - клуб мәселесі бойынша қойылған сұрағы тыңдалды.
Аудан әкімі Ш.Мамалинов жиынға қатысушыларға белсенділік танытқандықтары үшін алғыс білдіріп, жалындаған жастарға ауылды көркейту үшін шаруашылықтарды дамытып, табиғи таза өнім шығаруда үлкен жетістіктерге қол жеткізу үшін тынбай еңбектенуге шақырды.
Б.Аңсарова
Б.Құдайбергенованың суретінде: жиыннан көрініс.