taza-kaz

Атқарылар жұмыстар ауқымды


15.07.2017

Шілде айының 11-жұлдызында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Бұқар жырау аудандық мәслихатының он алтыншы кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессия жұмысы аудан әкімі Ш.Мамалиновтың қатысуымен, аудандық мәслихат хатшысы Асхат Әлидің төрағалығымен өтті. Сонымен бірге оған аудан әкімінің орынбасарлары, депутаттар, кәсіпкерлер мен бөлімдер басшылары қатысты.

Күн тәртібінде мынадай мәселелер қарастырылды: Бұқар жырау аудандық мәслихатының 10 сессиясының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №7 “2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Бұқар жырау ауданы әкімдігінің дербес құрамын бекіту туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Бұқар жырау ауданы әкімдігінің жанындағы комиссияның дербес құрамын бекіту; әкімдік жанындағы адамдарды саудалауға қатысты қылмыстармен күрес, алдын алу және жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

Бірінші мәселе бойынша Бұқар жырау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Е.Жұмашева жиналғандарға біршама мағлұмат берді.

- Бүгін сіздердің қарастыруларыңызға 2017 жылға бекітілген аудандық бюджет жобасы ұсынылуда. Енгізілген өзгерістер бюджеттік комиссияның отырысында, қоғамдық кеңеспен қарастырылды және нормативтік-құқықтық актілердің веб-порталында қоғамдық кеңесінде талқыланды, - деді.

Аталмыш аудандық бюджеттің анықталуы ҚР Бюджет кодексінің 106 бабына сәйкес облыстық бюджеттің анықталуымен байланысты.

Мүгедектердің өмір сапасын жақсарту үшін Абай ауданына өткен Дубовка ауылынан ауданымыздың бюджетінен 431 мың теңге шегерілген, Үміткер ауылындағы су құбырын жөндеу жұмыстарына 60, 9 млн. теңге, аудан жолдарын жөндеу үшін 20 млн. теңге, Ботақара кентінің жолдарын орташа жөндеуге 9 млн. теңге, 11 млн. теңге Қарақұдық, Волховское,Заречное ауылдарына кіре беріс жолдарды жөндеу үшін қосымша бөлінген.

Сонымен бірге жаппай кәсіпкерлік пен өнімді жұмыстылықты дамыту Бағдарламасы аясында 45 адамды 3 айлық курста оқыту үшін қосымша 15, 1 млн. теңге - қатынау, тіршілік жасау, шәкіртақы төлеу үшін мына бағыттар бойынша - тігінші, аспазшы, бала тәрбиешісі, компьтерлік сауаттылық және әлеуметтік қызметкер мамандығына оқыту үшін бөлінген.

Облыстық бюджетті анықтауда Бұқар жырау ауданынан 113, 6 млн. теңге шегерілген, олар мына бағытта - Дубовка ауылдық аппаратын ұстау үшін, ондағы жалпы білім беретін мектеп, өнер мектебі, Дубовка орта мектебі жанындағы шағын орталықты ұстау үшін, балалардың құқықтарын қорғаушыларға төленетін ақы, клуб пен кітапхананы ұстау үшін, әлеуметтік төлемдер, ветеринариялық шараларға шығындар, жергілікті өзін өзі басқару органдарына трансферттерді қайтарып беруде жүзеге асқан.

Тыңдаушыларға ұсынылған жобада бюджеттік қаражаттың мына әкімшіліктер бойынша шегерілгені де назарға алынған - білім бөлімінен 7 млн. теңге, құрылыс бөлімінен 26, 9 млн. теңге.

Есептегі 78,5 млн теңгеге төмендегідей шығындар қарастырылған:

2016 жылы мақсатты пайдаланбаған 7,8 млн. теңге трансферттерді қайтарып алу жоспарланған, жергілікті атқарушы органның резервін 800 мың теңгеге ұлғайту қарастырылған, ал төтенше жағдайлардың алдын алу үшін 1, 4 млн. теңге өртке қарсы құрал-жабдықтар сатып алу үшін, автокөлік жолдары, тұрғын ұй құрылыс бөліміне арнайы техника сатып алуға - 16, 7 млн. теңге, ауыл шаруашылығы бөлімінің қазандығын ауыстыру үшін - 4,5 млн. теңге, ветеринария саласына 4,4 млн. теңге, коммуналды меншікке жататын объектілерге құжаттар рәсімдеу үшін 6,3 млн. теңге, білім беру саласына 22,3 млн. теңге жұмсау қарастырылуда.

Әр саланы толығымен қамтыған баяндаманы депутаттар бірауыздан қабылдау туралы шешім қабылдады.

Сонымен бірге әрбір қарастырылған мәселе бойынша шешім шығарылды.

Аудан әкімі Шагурашид Мамалинов қорытынды сөзінде депутаттарға алғыс айтты, алда атқарылар жұмыстарға тоқталды. Жертөлелерде орналасқан жылыту қазандықтарын бөлек шығару қажеттігін, қай елді мекенде болмасын атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарының сапасын уақытымен тексеріп, қоғамдық бақылау жасау керектігін тапсырды.

Қ.Ахметова

Д.Торжановтың суреттерінде: сессия жұмысы.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?