
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Рухани жаңғыру
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Кезекті сессия отырысы
01.07.2017
Маусым айының 22-сі күні аудан әкімдігі ғимаратының үлкен залында Бұқар жырау аудандық мәслихатының он төртінші сессиясы өтті. Мәслихат хатшысы Асхат Әлидің төрағалық етуімен өткен сессияға аудан әкімі Нұркен Кобжанов, тұрақты комиссиялар құрамы мен аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты. Сессия секретариаты мен дауыс санағын жүргізілетін топ сайланып, күн тәртібінде 18 сұрақ қаралды.
Сессия жұмысын бастамас бұрын Н.Кобжанов білікті басшы, өз ісіне адал қызметкер Сәуле Артықбаеваны мерейлі жасқа толуымен құттықтап, А.Әли гүл шоқтарын ұсынды.
«2016 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы» мәселеге байланысты аудандық экономика және бюджетті саясат, коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А.Сұлтанғалидың баяндамасы тыңдалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарын Бұқар жырау ауданы аумағында сақтау бойынша шаралары және жағдайы туралы» мәселеге байланысыты Е.Найманбайдың баяндамасы тыңдалды. Ауылдық жерлердің көпшілігінде орысша атаумен қолданылып жүрген көше, білім ордаларының атауларын қайта атау бойынша жұмыстар жасалып, әкімдердің, мекеме басшыларының аппараттық отырыстарында, жиындарда тіл саясатының жүзеге асырылу барысы тұрақты қаралуы қамтамасыз етіліп, ауданның барлық қызметкерлері «Қазтест» жүйесімен диагностикалық және сертификаттық тестілеуден өтіп, жоспарға сәйкес тіл саясатын насихаттауға бағытталған мақалалар жариялауды қамтамасыз етуді тапсырған аудандық мәслихат шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, ішкі саясат және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелді.
- Шығыс-кіріс құжаттарының түбегейлі қазақ тілінде жасалуын сұраймын. Бізде қалыптасып қалған әдет бойынша бірінші орыс тілінде жасалып сосын барып қазақ тіліне аударып жатамыз. Бұндай әдеттен арылған жөн. Өз алдына жеке тәуелсіз ел болғандықтан мемлекеттік тіліміз жоғары тұруы тиіс,- деді А.Әли.
Үштөбе, Көкпекті, Доскей ауылдық округтері әкімдерінің округтегі елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мәселесі бойынша жұмыс туралы Бұқар жырау ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Б.Дүйсекеевтің баяндамасы тыңдалды. Баяндамаға байланысты ауыл ішіндегі санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жүргізілген жұмыстар жөнінде Үштөбе, Доскей ауылдық округтерінің әкімдері Е.Саргизов пен А.Байғожин, Көкпекті ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Д.Мусиннің баяндамасын тыңдай келе, Доскей ауылдық округі әкімінің округтегі елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мәселесі бойынша жұмысы қанағаттанарлық деп танылса, Үштөбе ауылдық округі әкімінің және Көкпекті ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының округтегі елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмыстары жеткіліксіз деп танылды. Аудандық мәслихат аталған округтерде елді мекендердің санитарлық жағдайы қатаң бақылауға алынып, учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе отырып тұрақты негізде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, абаттандыру ережесін бұзушыларға заңды түрде шаралар қолданылып, мамандандырылған мекемелерді тарта отырып тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару бойынша жұмыстары ұйымдастырылсын деген шешім қабылдады. Шешімнің орындалуы ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейінгі уақыт аралығында, аудандық мәслихаттың экономика, бюджеттік саясат және коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелді.
- Бұл мәселенің сессия отырысында қаралуы өте дұрыс деп есептеймін. Ауыл тазалығын қадағалау жалғыз әкімнің қолынан келе бермейді, сол себептен де ауылдың учаскелік полиция инспекторымен бірлесе отырып бұл мәселені шешу керек. Жалғыз әкімнің қолынан келе бермейді деп қарап отыра бермей, ауыл жұртшылығы арасында түсіндерме жұмыстарын жүргізіп, міндеттелген тазалықты сақтамаған жағдайда заңды түрде шаралар қолданылуы керек,-деді Н.Кобжанов.
Сонымен қатар, кезекті сессия отырысында аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, ішкі саясат және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу туралы, «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы, Петровка ауылының шекарасын өзгерту туралы, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру мәселелері бойынша конкурстық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы, жер учаскелерін беру және пайдалану мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру бойынша аудандық ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы, Бұқар жырау аудандық мәслихатының 12 сессиясының 2017 жылғы 17 наурыздағы №8 «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы», аудандық мәслихатының 12 сессиясының 2017 жылғы 17 наурыздағы №12 «Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Бұқар жырау ауданы әкімдігінің жанындағы ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы», аудандық мәслихаттың 12 сессиясының 2017 жылғы 17 наурыздағы №11 «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Кеңестің дербес құрамын бекіту туралы», аудандық мәслихаттың 48 сессиясының 2016 жылғы 11 наурыздағы №14 «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы», аудандық мәслихаттың 12 сессиясының 2017 жылғы 17 наурыздағы №13 «Бұқар жырау ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы шешімдеріне өзгеріс енгізу туралы, әлеуметтік сала, ішкі саясат және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы мәселелер қаралып, шешімдер қабылданды.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 18-бабына сәйкес, аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы болып Ж.Төлеуханов сайланды.
Б.Аңсарова
Д.Торжановтың суреттері: сессия көріңісі.