taza-kaz

Сенат сайлауы өтеді


17.06.2017

Елбасы Н.Назарбаевтың қаулысына сәйкес 28-ші маусым Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау күні екені барша қазақстандықтарға ақпарат көздері арқылы белгілі. Парламент Сенатының депутаттарын таңдайтын сайлаушылар – жергілікті мәслихат депутаттары. Осыған сәйкес, 16-шы маусым күні аудан әкімдігінің кіші залында Қарағанды облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына үміткер, Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы Рысқали Әбдікеров аудан сайлаушыларымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Кездесу барысында Қарағанды облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына үміткер Рысқали Әбдікеровтің сенімді өкілдері Ж.Томпиев пен А.Нығманов Рысқали Қалиақбарұлының адами қасиеттері мен еңбек қабілеттері жайлы сөз сөйледі.
- Өз басым Рысқали Қалиақбарұлын 30 жылдан артық білемін, Ағадыр ауданында еңбек жолын бірге бастағанбыз. Үлкен өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өтіп, қарапайым мұғалімнен көтеріліп, облыс басшыларының бірі болып отыр. Сөз басында айтып өткенімдей бірнеше аудандарды болып қайттық, соның ішінде Осакаров ауданының халқы Рысқали Әбдікеровті ерекше қарсы алып, сол ауданның әкімі қызметінде болған жылдары сіңірген еңбегін, халыққа деген жылы ілтипатын айтып, зор қошеметке бөледі,- деп сөз бастаған Ж.Томпиевті жалғаған  А.Нығманов Р.Әбдікеровпен бала кезден бір өсіп, халқы мен еліне деген көзқарасы жоғары тұлға екендігін көріп, облысымыздан Республикамыздың Парламет Сенатына депутат болуға  лайықты үміткер екендігін алға тартты.
Рысқали Әбдікеров өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерлігін ұсына отырып, бар күш-жігерімді, жинаған тәжірибемді пайдаланып, жалпы мемлекеттік міндеттемелерді, «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық бағыттарын орындауға, сонымен бірге Қарағанды өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы проблемаларын шешудің жолын қарастыруды ерекше назарға аламын дей келе, енді ғана қарқын алып келе жатқан ауыл шаруашылығына тоқталып өтті.
- Ауыл халқының қалалық жерге көшіп, ауыл шаруашылығының тоқырап қалған шағында Елбасымыз көптеген жақсы бағдарламаларды жүзеге енгізе отырып, ауыл шаруашылықтарын аман алып қалуды көздеді. Ауыл – ол таза өнімнің ордасы, сол себептен де, енді қарқындап келе жатқан шаруашылықтарға барынша көңіл бөліп, олардың дамуына өз үлесімді қосқым келеді,- деді Р.Әбдікеров.
Кездесу барысында аудандық мәслихат хатшысы А.Әли, облыстық мәслихаттың депутаты Е.Ахметов пен аудандық мәслихат депутаты А.Сұлтанғали сөз сөйледі.
- Сізді біраз уақыттан бері танып, біліп жүрміз. Өз ісіңізге деген ұқыптылығыңыз бен қай істі болмасын аяығына дейін жеткізер жұмысыңызға деген сүйіспеншілігіңіз өміріңіздің осы белесінде сәттілігін әкеліп, алдағы уақытта сіз бен біз болып ел игілігіне бірлесе қызмет жасаймыз деген сенімдемін, - деді А.Әли.
Еліміздің гүлденуі мен өркендеуінде аянбай еңбек етіп, қарапайым халықтың қамы үшін тер төгетін Сенат депутатын таңдау халық қалаулыларының алдындағы жауапты іс болып отыр.
Б.Аңсарова

Д.Торжановтың суретінде: кездесу сәті.
 



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?