
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Рухани жаңғыру
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Рухани жаңғыру мақсат-міндеттері талқыланды
22.04.2017
Сәуір айының 20-ы күні Бұқар жырау ауданы әкімдігі ғимаратында аудандық мәслихат хатшысы Асхат Әлидің қатысуымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талдау мақсатында аудандық актив өтті.
Қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері қатысқан актив отырысында бағдарламалық құжаттың маңызы мен қажеттілігі, қоғамымызға әкелетін тың өзгерістері тілге тиек болды.
Бүгінгі күні ел арасында қызу талқыланып, барша қазақстандық азаматтардың, оның ішінде бұқаржыраулықтардың да ыстық ықыласына ие болған бұл мақала арқылы Мемлекет басшысы халықтың болашаққа деген сенімін ұялатып, рухани жаңғыруды көздеп отыр.
- Бағдарламалық құжатта Қазақстан халқының таяуда Үшінші жаңғыру жолына түскені жайлы айтылды. Яғни, 25 жылдан астам тарихы бар тәуелсіздігімізді ту ғып ұстап, ендігі кезекте дамыған 30 елдің қатарына ену үшін жан-жақты дамып, жаңғыру керектігін атап көрсетті. Заманыңа қарай көш түзе демекші еліміздің жарқын болашағы үшін қазірден бастап тілге қатысты үлкен реформаларды әзірледі. Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіріп, 2025 жылға дейін бұл жұмыстарды аяқтау керектігін тапсырды. Демек, 2025 жылдан бастап барлық салаларда латын әліпбиі қолданылып, іс-қағаздар, мерзімді баспасөз беттері, оқуылықтар – барлығы да латын әліпбиімен басып шығарылуы тиіс. Осы орайда, жаңа әліпбиге бейімделу барысында кириллица алфавиті де әзірше белгілі уақытқа дейін қолданылатындығы ескерілді, - деген А.Әли, Көшбасшымыздың негізгі ойы - мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт құру болып табылатындығын айтты.
Ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, өзге әлем елдерімен тереземізді тең ұстау үшін де қолда барымыздың құнын бағалатқан прагматизм, бәсекеге қабілеттілік қасиеттерімен қатар, ұлттық код, білімге ұмытылу, бейбітшілігімізді бағалай білуге шақырған мақалаға көпшілік осыған дейін экономикалық бағытта, кейіннен саяси реформалар жариялағандықтан, рухани жаңғыруды да оның заңды жалғасы деп қабылдады.
Актив барысында Ботақара жалпы орта мектебінің тарих пәнінің ұстазы Ерлан Темірғалиев та ойын ашып айтып:
- Қазір әлемнің қай түкпірін алып қарасаңыз да жағдай тұрақсыз. Терроризм қаупі барша жаһанға төніп тұр. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан әлем үшін бейбітшіліктің бесігі саналады. Ал рухани жаңғыру біздің елімізді жаңа асулардан асыратынына сенемін. Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, міндеттерді айқындап берді. Оның ең негізгісі ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани құндылықтарды сақтап қалу, - десе, Шешенқара ауылдық клубының маманы, «Березка» этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Ольга Сачава, этно-мәдени бірлестік мүшелерінің Елбасы бастамасын қолдап, бағдарламалық мақаланы ширек ғасыр ішінде бағындырған жетістіктерімізді еселей түсудің бірден бір жолы деп білетіндігін жеткізді.
«Бұқар жырау жаршысы» газетінің тілшісі Назерке Әбікеева да бұқара тарапынан атаулы құжаттың қолдауға ие болып, ең бастысы, ел дамуындағы революциялық емес эволюциялық жолмен дамудың қажеттілігіне тоқталды.
Рухани бағдарымызды көрсеткен құжаттың алға қойған міндеттері мен мақсаттары баршылық. Оларды атқарып, іс жүзінде шынайылыққа айналдыру алдағы күннің еншісінде. Активте айтылған ойлар мен ұсыныстарды қорытындылай отырып, мәслихат хатшысы ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларына, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдеріне ұжымдармен, ауыл-аймақ тұрғындарымен кездесулер, түсіндіру жұмыстарының қажеттілігі жөнінде айтып:
- Аудандық ішкі саясат бөліміне, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалына өңіріміздің түкпір-түкпіріндегі қауымдастық мүшелерімен, ауыл тұрғындарымен ақпараттық-насихаттық жұмыс жүргізіп, кездесулер өткізуді ұсынамын, - деп, актив отырысын қорытындылады.
Өз тілшімізден