
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Тікелей желі
10.12.2024
Желтоқсан айының 9-жұлдызында Бұқар жырау ауданының әкімі Е.Құсайын мен ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Құрманғалиевтің қатысуымен аудан тұрғындарымен тікелей желі өткен болатын. Бұндағы басты мақсат – ауыл шаруашылығына қатысты қордаланған мәселелер бойынша сұрақтарға жауап беру болатын.
70-ке жуық аудан тұрғындары қатысқан әкім сағатында аудан өңірінің тұрғындары екі басшыға көптеген сұрақтарын қойды. Оның ішінде Көкпектіге газ келе ме, оған қанша қаражат кетеді, тауарлық несие жайында, Петровкада екі апта судың жоқтығы, тракторшы мамандығына қалай оқуға болады, «Таза Қазақстан» акциясы кезеңдік пе әлде ол қыста да жүре бере ме деген сұрақтар қойылды. Әр сұраққа айтылған саласына қатысты басшылар жауап беріп отырды.
Аудан әкімі Е.Құсайын «Ауыл аманаты» жобасының бағыттары, 2,5 пайыздық несиеге кімдер қол жеткізе алатынын, оның негізгі бағыттары - өңдеу саласына қатысты жобалар, өсімдік шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін жабдықтау, мал шаруашылығын дамыту, басқа бағыттағы бизнес жобаларға берілетінін айтып берді.
Несие талаптары – несие алушы жеке кәсіпкер ретінде тіркеуде болуы керектігі, басқа несиелер бойынша мерзімі өткен жарналар болмауы керектігін, мемлекеттік кірістер органдарында берешек болмауы, кепілмен қамтамасыз етуі керектігін, зейнет жасына жетпегендігін, ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жағдайдың – жер телімінің, қораның болуы тиіс екендігіне тоқталды. Бұл жобаны ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қолдап кетеді деп ойлайтынын жеткізді.
Мұнан соң Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімнің басшысы Манат Құрманғалиев баяндама жасады.
- Ауданымызда ауыл шаруашылығына қолдау түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен инициативалар арқылы жүзеге асырылуда. Олар ауылдық аумақтарды дамыту, агроөндіріс кешенінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға, инновациялық технологияларды енгізу және азық-түлік қауіпсіздігін жасауға бағытталған, - дейді.
«2021-2025 жылдарға агроөндіріс кешенін тұрақты дамыту» Ұлттық жобасы ауыл шаруашылығы жұмыстарын ілгерілету үшін өмірге енген. Былтырғы жылмен салыстырғанда аздап ілгерілеу байқалады. 2024 жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы өнімдері 76, 2 млрд. теңгені құраған.
Құс және мал етін өндірудің жалпы көлемі 15 990, 5 тоннаны құраған. Сүт өнімдерін өндіру 1, 8 пайызға төмендеді. Оның төмендеуі «Джанат» ЖШС мен «Салем Агро Групп» ЖШС ірі шаруашылықтардың мамандандыруының өзгеруі әсерінен. Жұмыртқа өндірісінің төмендеуі байқалады, ол «Майқұдық жұмыртқалары» ЖШС кәрі тауықтарды жою себебінен, жас құстармен алмастырылуымен байланысты.
Мал шаруашылығы саласында ірі қара мал, ешкі мен қой, жылқы санының өсуі жыл сайын байқалады.
Дәнді дақылдар 134, 2 мың гектарды құраған, жиналған өнімі 201 мың тонна, орта өнімділік гектарынан 15 центнерден. Картоп 5,6 мың тонна, көкөністер – 4, 8 мың тонна, майлы өнімдер 1, 8 мың тоннаны құраған. Мемлекеттік қолдау және қаржыландыруға 2024 жылы көктемгі егіс жұмыстарына 2,1 миллиард теңге несиелік қаржы бөлінген. Ол қаржы агроөндіріс кешенінің 34 субъектісіне берілген. «Кең дала» бағдарламасы бойынша 31 шаруашылық 1,7 миллиард теңгеге қаржыландырылған. «Еңбек» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың 11 айында 86 жаңа жұмыс орындары ашылған. Тракторшы мамандығына 7 адам оқытылған. Агроөндіріс кешенінде 288 субъект 1 831, 9 млн. теңгеге субсидияланған. Осы жылы лизингтік несиелеу бойынша 548, 6 миллион теңгеге 121 техника сатып алынған.
Суару және сумен қамтамасыз ету тарапында да біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Агроөнеркәсіп кешені бойынша үш жоба 2,5 млрд. теңгеге жүзеге асуда екенінен хабардар етті Манат Сәлімұлы.
Жалпы осы шаралардың барлығы ауыл шаруашылығының тиімді, тұрақты және пайдалы болуы үшін жасалып жатқаны да айтылды.
Тікелей желі барысында елді мекендерден қойылып жатқан сұрақтар бойынша жауаптар беріліп отырды.
Баяндама тыңдалып болған соң да сұрақтар легі тоқтамады. Биылғы жылы көп балалы отбасыларға үй беріле ме деген сұраққа тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы А. Искакова жауап берді. «Таза Қазақстан» акциясы жылдың соңына дейін жалғасатыны айтылды.
Ерлан Құсайын «Ауыл аманаты» жобасынан несиенің қайтадан өндіру саласына басымдықпен берілетінін жеткізді.
Мысалға, қолөнер, тігін цехтарын ашу, курткалар тігу, шұлық-ұйық өнімдерін тігу, сүт өңдеу цехын ашып сүт өнімінен май, қаймақ, ірімшік, құрт-жент өндіру, көкөністен түрлі консервілер жасауға болатынын айтып, ауданымыздың тұрғындарын осы бағытта белсенді болуға шақырды.
Кентіміздің тұрғыны Айжан Кәрімова өзінің көпбалалы ана санатында 24-кезекте тұрғанын айтып сұрақ жолдаған болатын, осы сұраққа Ерлан Бейсенбайұлы өзіңіз тұрған кезекке сәйкес үй аласыз деген жауабын берді.
Тұрғын үй тек аудан орталығында ғана емес, ауылдарда да заманауи талаптарға сай салынып, түрлі санаттағы адамдарға беріліп жатқанын тілге тиек етті. Жылдың аяғына дейін баспанаға мұқтаж 160-тан аса отбасы үйлі болатынын жеткізді.
Баймырзалық жас отбасының сұрағына орай Манат Сәлімұлы жауап беріп, сүт өңдеу құрылғыларын алу тәртібіне тоқталды.
Сонымен бірге ауылдық жерлерде дамыған шаруашылықтар басшылары аз қамтылған отбасыларға бірнеше бас мал беріп, ол адамдардың да жұмыспен, сонымен бірге малдың басымен қамтылуына әсер етулеріне байланысты пайдалы ақпарат берді.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Доскей, Көкпекті, Қарақұдық, Тоғызқұдық ауылдарында көптеген жұмыстар өткені, бұл бағдарламаға халық саны аз, шалғай ауылдар ене алмайтыны да айтылды.
Бұл күні тікелей желі жұмысына қатысқан тұрғындар өздері үшін көптеген пайдалы ақпараттар алды деген ойдамыз.
Қ.Ахметова