
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
15-қараша - Ұлттық валюта күні Төл теңгеміз – берекеміз
21.11.2024
14 қарашада Бұқар жырау аудандық әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Ерлан Құсайын Ұлттық валюта – теңге күніне орай аудан мекемелерінде абыройлы қызмет атқарып жүрген қаржы жүйесінің қызметкерлерін құттықтады.
- Біз сіздерге үлкен алғысымызды білдіреміз. Атқарып жүрген қыруар жұмыстарыңыз бар.
Тәуелсіздік туы астындағы 30 жыл ішінде мемлекетіміз дамудың талай белесін артқа тастап, қиындықтарды жеңіп, жылда-жылға гүлденіп келеді. Осындай өзгерістер мен күрделі сынақтарды теңге де басынан өткерді. Өтпелі кезеңде қаржыгерлер еліміздің қаржы-қаражат саясатын іске асыруда қанатымен су сепкен қарлығаштай ел игілігі үшін тер төгіп, аянбай қызмет етті, - деді.
Сонымен, Қазақстан Республикасы Валюта күні мерекесі, ұлттық теңге күнімен және қаржы жүйесі саласында әлеуметтік даму жолында қол жеткізген табыстары мен қаржы саласына қосқан үлесі үшін аудан әкімінің Құрмет грамотасымен Әсия Райымқұлова, Анастасия Лаврикова, Лаура Сәрсенова, Әсел Мәдиева, Айша Түсіпбекова марапаттталды.
Бұқар жырау ауданы әкімінің Алғыс хатымен қаржы және экономика саласын дамытуға сіңірген жемісті еңбегі мен елеулі үлесін бағалай отырып, Ирина Сәттібаева, Лаура Мақажанова, Ажар Түсіпбекова, Ғалия Түсіпбекова марапатталды.
Қай елдің болмасын валютасы мемлекеттің тарихын баяндайды, заманауи саяси-экономикалық жағдайын және жаһандық дәрежесін сипаттайды. Ақша бірліктері мемлекеттің дамуының маңызды ролін атқарады. Онсыз мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды реттеу мүмкін емес. Мемлекет ішіндегі қаржы операцияларының бірі де орындалмайды. Ұлттық банкнотта мемлекеттің тарихи оқиғалары, елдің мәдениеті мен тарихына елеулі үлес қосқан саяси-тарихи тұлғалардың бейнесі әрі мемлекеттің басты мәдени жетістіктері бейнеленеді. Бүгінде ұлттық валюта барша мемлекеттер мен халықтар үшін өте ыңғайлы және экономикалық негізі бар қаржы құралы.
Елдің егемендігін жар салған аумалы-төкпелі уақытта төл теңгемізді дүниеге әкелу тәуекелді қадам болатын. Мемлекеттегі экономикалық қиындыққа қарамастан, қазақ ұлтының ұлттық валютасы жарық көрді.
Осы төл теңгемізді Отанымыздың көркеюіне бағыттап жүрген нәзік жандар - бухгалтерлер еңбегі ұшан-теңіз. Олардың еңбегі демалыс, түнгі уақыт дегенді білмейді. Айдың, жылдың аяғында күні бойы, түні бойы есептерді соңына жеткізу, балансын теңестіру әйел адамдар үшін оңай шаруа емес. Алайда, осы қиындықтарды жеңіп жүрген бүгінгі күнгі залда отырған бухгалтерлердің аттарына қандай мақтау айтылса да артық етпес.
Теңге – біздің ел болғандығымыздың көрінісі. Ұлттық валюта - еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі.
Мереке иелерінің аттарына аудандық мәслихаттың төрағасы Асхат Әли, экономика және қаржы бөлімінің басшысы Е.Жұмашева, аудандық қазынашылық басқармасының басшысы А.Бләлов, А.Түсіпбекова ізгі тілектерін білдірді.
Қ.Ахметова