
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Сессия жұмысы өтті
14.10.2024
Жуырда аудандық мәслихаттың кезекті 22 сессиясының жұмысы өткен болатын. Аудандық мәслихаттың төрағасы Асхат Әли сессия жұмысын жүргізді.
Онда Бұқар жырау ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу, аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі, ауданның әлеуметтік мәдени-тұрмыс объектілерінің және коммуналдық тұрғын үй қорының 2024-2025 жылдағы қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы, Бұқар жырау аудандық мәслихатының 18 сессиясының 2024 жылғы 26 маусымдағы №5 «Баймырза ауылдық округі, Тоғызқұдық, Ростов, Үштөбе, Самарқанд ауылдық округтері әкімдерінің халықты флюорографиялық тексеру әдісімен туберкулездің алдын алу және ерте анықтау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарына жәрдемдесу және туберкулезбен ауыратын және ауырған адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі жұмысы туралы» шешімінің орындалу барысы,
Бұқар жырау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Севан ауылының шекарасын өзгерту және белгілеу туралы мәселелер талқыланды.
Сонымен бірге ауданымыз үшін маңызды болып табылатын Бұқар жырау аудандық мәслихатының 10 сессиясының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №5 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Бұқар жырау аудандық мәслихатының 10 сессиясының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №10 «2024-2026 жылдарға арналған ауданның ауылдары, кенттері, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы», Бұқар жырау аудандық мәслихатының 10 сессиясының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №7 «2024 жылы Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы да айтылды.
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық- қеңесші органның дербес құрамын бекіту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Бұқар жырау ауданы әкімдігінің жанындағы комиссияның дербес құрамын бекіту, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Бұқар жырау ауданы әкімдігінің жанындағы ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту, Бұқар жырау ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту, Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 07 ақпандағы 12 сессиясының №7 «Жер комиссиясының құрамын және жер комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, әлеуметтік сала, ішкі саясат және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі, аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы айтылды.
Қ.Ахметова