
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Мерейлі жасымен құттықтады
14.10.2024
Көп балалы отбасында дүниеге келіп, ата-ананың қабағына кірбің ұялатпай, бала болса да өлшеусіз қызмет көрсеткен, оңы мен солын танығанда еліме не істесем пайдалы болам деген ойлар санасынан кетпеген, мамандық иесі болғанда, елі үшін пайдалы жұмыспен айналысқан жерлесіміз Сара Құбайділдақызы Айсанова 70 жасқа толды.
Осынау күнге орай қазан айының 10-да Бұқар жырау аудандық әкімдігінің мәжіліс залында еңбек ардагерін марапаттауға арналған салтанатты шара өтті. Шараға аудан әкімі Е.Құсайын, «Қарағанды облыстық мемлекеттік архив» КММ басшысы Ерлан Нелдібаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Арбабаев, аудандық мәслихат төрағасы А.Әли, Сара Құбайбілдақызымен бірге еңбек еткен әріптестері жиналды.
-Бүгін біз алдыңғы толқын апаларымыздың бірі Сара Құбайділдақызын мерейлі күнімен құттықтау үшін жиналып отырмыз. Ол кісі еңбек жолын 1974 жылы Ульянов ауданының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде, 1996 жылдан мұрағат саласының басшысы болып бір мекемеде табан аудармай қызмет етіп, осы жерден зейнет демалысына шыққан. Бұл қаншама айлар, жылдар бойы атқарған еңбек жылдары, төгілген маңдай тер. Қай заманда да еңбек адамына құрмет көрсетілген.
Ұрпақтар сабақтастығы деген дүние бар. Кешегі өткен күндерден белгі, өткен мен бүгінгіні сабақтастырып тұратын алтын көпірсіздер. Сіздердің бай тәжірибелеріңіз бүгінгі ұрпаққа керек, оны жеткізетін, ақыл-кеңес беретін өздеріңізсіздер. Сара Құбайділдақызы, мерейлі 70 жасыңыз құтты болсын, осы саланың аяғына тік тұрып, мекеменің заман талабына сай қызмет көрсетуіне үлкен үлесіңізді қостыңыз. «Орамал тон болмайды, жол болады» демекші, иығыңызға шапан жабуға рұқсат етіңіз, - деді.
Еңбек адамды қашанда абыройға бөлейді. Осы шараға жиналған адамдардың бәрі әдемі көріністі тамашалап, ардагер апалары үшін қуанып, шаттанды. Елі сыйлаған, елін сыйлаған, бар күшін аудан адамдарының еңбек жолын бейнелейтін құжаттарының дұрыс сақталуына тікелей әсер еткен, қажет болған кезде сол адамның қолына ешқандай кедергісіз тапсырылатын өмір жолындағы қандай да бір кезеңді дәлелдейтін құжаттардың құрғақ жерде, барлық санитарлық талаптарға сәйкес сақталуын қамтамасыз еткен ұжымның бірлесе, тату-тәтті еңбек еткеніне аудан жұртшылығы куә болғанын айта кеткен орынды болар.
Осы шараға арнайы келген Ерлан Мекежанұлы:
-Бұқар жырау ауданына қызмет барысымен жиі келіп тұрамын. Бүгінгі келгеніме өте қуныштымын. Архив саласында біршама жылдар қызмет атқарып жүрмін. Осы аудан орталығында біршама адамдарды таныдым, сыйластым, жүрегімде жылы әсер қалдырған ауданға жаңа ғимарат керек-ақ. Бүгінгі таңда архив ғимараты қапталып, жақсы жағдайда тұр. Саран, Қарқаралы, Ақтоғай, Бұқар жырау аудандарынан заманауи ғимараттардың салынуын барлық жұртшылық күтуде. Осы аудандардың мәселелері шешіліп кеткенін тілейміз. Мерейтой иесі, аман болыңыз, келген жасыңыз берекесімен келсін, денсаулығыңыз мықты болып, мерейлі тойларға жете беріңіз, - деп туған күн иесіне марапат тапсырды.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Арбабаев та тебіренді:
-Архив деген бір керемет орын. Өмірдің қандай кезеңдерінде болсын, адамдар осы мекемемен хабарласып, түрлі анықтамалар сұрап жатады. Уақыт оздырмай, адамдардың сұранысын қанағаттандырып, құжатын иіліп тұрып қолдарына ұстатып жататын архив қызметкерлерінсіз өмірді көзге елестету мүмкін емес. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, отбасында жақсы тәрбие көрген Сара Құбайділдақызының осы жасқа келгеніне сенбей де тұрмын. Алайда, бұл өмір, жас өспей ме, жарлы байымай ма деп ата-бабаларымыз айтпақшы, халық үшін жасаған еңбегіңіз ақталып, өмірдің бір керемет кезеңіне аяқ басып тұрған күніңіз құтты болсын. Тек жақсы тілектерді ғана арнаймын, - деді ағынан жарылып.
Адам баласы өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына берері көп болады. «Еңбек түбі -береке» деп осыдан қорытынды жасалып, айтылса керек. Еңбектенудің арқасында адам көптеген нәрселерге қол жеткізеді. Қолымызда бардың бәрі еңбек етудін нәтижесінде келеді. Сондықтан, адамның өмірі еңбекпен тығыз байланыста болады. Еңбек адамға қуаныш сыйлайды, оған құрмет, сонымен бірге молшылық әкеледі. Аудандық мәслихат төрағасы Асхат Сағадиұлы:
-Айсановтар әулетінің балаларына берген жақсы тәрбиесі ол әулеттің балаларының еңбекқор болуына алып келді. Қиындыққа толы 90-жылдарда осы кісінің алдына азаматтардың өтінішімен келген болатынмын. Ұжым әрқашанда халыққа адал қызмет етті. Ол жылдары ғимарат тіреулердің көмегімен тұрды. Жас буынға жақсы тәрбие бердіңіздер. Облыста алдыңғы орыннан табылып келе жатқан мекеме әлі де өздерінің еңбегін адал атқара береді, ал сіздер, ардагерлер, жас буынға өз білгендеріңізді сіңіре бересіздер деп ойлаймын, -деді.
Басшылары туралы мекемеде 20 жылдан астам бірге істеген Кенже Әдиетова, Бақыт Түспекова да бірге қызмет еткен жылдарын естеріне алып, Сара Айсанованың атына жылы лебіздерін білдіріп, тебіренді.
Шараның соңында мерейтой иесі қызмет еткен жылдарынан естеліктер айтты. Өзін осы күні салтанатты жағдайда марапаттап, ақ тілектерін білдіріп жатқан аудан басшыларына, ардагерлер кеңесінің, әріптестерінің атына ақжарма тілегін білдіріп, алғысын айтты. Шараға жиналғандардың барлығы естелік суретке түсті.
Қ.Ахметова