
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Аппарат кеңесі өтті
07.10.2024
30-қыркүйекте Бұқар жырау аудандық әкімдігінде ауданымыздың әкімі Ерлан Құсайын мекемелер басшыларының, аудандық мәслихаттың төрағасы А.Әлидің, орынбасарларының қатысуымен аппарат кеңесін өткізді. Ең алдымен «Алдағы бес жылға арналған ауданды әлеуметтік экономикалық дамыту жөніндегу жоспар туралы» аудан әкімінің орынбасары Б.Көпбаев баяндама жасады.
Баяндамашы Б.Көпбаевқа аудан басшысы ауданға қарасты 29 ауылдық округтің әрбірінің даму бағдарламасы, олардың мәселелері, ол мәселелерді шешу жолындағы әрекеттер, ұлттық жобалары туралы әр округпен жеке-жеке пысықталған ауқымды жұмыс күтетіні туралы айтып, ол мәселені қарастыруға отырыс арнау керектігін хаттамаға түсіруді сұрады.
Күн тәртібінде үш мәселе қарастырылды. Жылыту маусымына дайындық, күзгі жиын-терім, ауыл шаруашылығы бойынша ақпарат, референдумға дайындық жұмыстары тыңдалды.
Жылыту маусымына дайындық туралы Бұқар жырау ауданының коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бахтияр Жаңбырбаев ақпарат берді.
-Жылыту маусымы 1 қазаннан басталуы керек, әрбір әлеуметтік мекемеде, әрбір үйде от жағылып, жылу берілуі керек, - деді Ерлан Құсайын.
Бұқар жырау аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дана Бауыржанқызы, орталық аурухана басшысының м.а. А.Мергенбаева, Ботақара кентінің әкімі Асқар Отыншиев аудан орталығындағы барлық маңызды нысандар бойынша ақпарат берді. Сондай-ақ Ғ.Мұстафин, Қушоқы кентінің, Доскей, Үштөбе ауылдарының жылыту маусымына дайындығы тыңдалып, Бахтияр Жаңбырбаевқа, ауыл әкімдеріне, Берік Талғатұлына жылыту шаралары өз деңгейінде жүруі керектігі туралы қатаң тапсырылды.
«Ұлттық жобалардың орындалуы туралы» Мансап орталығы басшысының міндетін атқарушы Диана Болатова «Аумақтың жұмыстылық картасы бойынша» Бұқар жырау ауданында 73 жоба жоспарланғанын тілге тиек етті.
Жобалардың орындалуы 380 жұмыс орнын ашуды мақсат етеді. Ауданымыздың ауыл шаруашылығы бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі, экономика, құрылыс бөлімдері бұл жұмыстардың әкімшілері болып табылады. Бұл жобалар бойынша адамдар жұмыспен қамтылады. Экономика бөлімі 17 жоба бойынша 55 адамды жұмыспен қамтыған екен. Коммуналды шаруашылығы және жолаушылар тасымалы 7 жоба жоспарлап, 34 жұмыс орнын, мемлекеттік архив 5 жұмыс орнын, құрылыс бөлімі жоспарланған 27 жоба бойынша 25 адамға жұмыс орнын ұсынған. Жалпы, әкімшілердің мақсаты айқын, бұл жобаларды жүзеге асыруда адамдардың өмірін жақсарту алдыңғы орынға қойылған.
«Жайлы мектептерге» жолдар бүгінгі таңда жүзеге аспаған.
Құрылыс бөлімінің басшысы Әлишер Халилұлы жұмыс орындары неге ашылмағаны туралы жауабын берді. Ерлан Бейсенбайұлы ауылдың бос жүрген азаматтары ашылатын емдеу мекемелеріне жұмысқа алынуы жөнінде қатаң тапсырды. Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Л.Лузикова туындаған жағдай бойынша түсінік берді. А.Теміржановтың баяндамасынан Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы, Мемлекет басшысының имиджі мен реформалары, Атом электр станциясын салу жөніндегі алдағы референдум және “Таза Қазақстан” республикалық акциясы өткенінен Жолдау бойынша 52 оң пікір, алдағы референдум бойынша 53 пікір және Таза Қазақстан акциясы бойынша 22 пікір орналастырылғанынан хабардар болдық
Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Құрманғалиев күзгі жиын-терін науқанының барысы туралы ақпарат берді.