
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Үшжақты Келісімге қол қойылды
11.06.2024
Бұқар жырау ауданының әкімі Абылай Сұлтанғали келісімге қол қою рәсіміне төрағалық жасады.
- Аталмыш жиынға «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Бұқар жырау аудандық комитеті» филиалының төрайымы Эльвира Хамитова, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалалық кәсіптік одағы «Қарағанды облыстық жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қарағанды облыстық филиалы «Аудандық орталық аурухана» КМК ұйымының бастапқы кәсіподақ филиалының төрайымы Жібек Жүнісова, «Sat Komir» тау-кен компаниясы Акционерлік қоғамының еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі бас техникалық менеджері Бақытжан Сексембаев, «Usһtobe Qus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Валерия Семенова, «Шатан» шаруа қожалығы басшысының орынбасары Таир Гаипов және комиссия мүшелері қатысып отыр. Бүгінгі жиында Бұқар жырау ауданы әкімінің, кәсіподақтар бірлестіктері, жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер қауымдастықтарының арасында 2024-2026 жылдарға арналған аудандық Келісім бекітіледі, - деді.
Келісімді жүзеге асыру барысында Тараптар ҚР Констититуциясын, Қазақстан Республикасы Заңнамасы мүлтіксіз сақталуын басшылыққа алуы керек болды.
Келісімнің орындалуы әлеуметтік әріптестікті дамыту, әлеуметтік еңбек қатынастарын, ұжымдық шартты реттеу және еңбек құқықтарын іске асыру болып табылатынын айтты өңіріміздің басшысы.
- Осының алдында Келісімді орындау барысында нәтижелі жұмыстар атқарылды. Алдағы уақытта үш жылға бағытталған жоспарларымыз да сәтімен іске асырылады деген сенімдемін, - деді.
Онан соң құжаттарға кезегімен қол қойылып, кеңес жұмысы аяқталды.
Қ.Ахметова
Ж.Макишевтің суретінде: келісімге қол қойылды.