- Оқиғалар
- Айдарлар
- Мерейтойыңмен, газетім!
- Реформа өміршең өзгерістер
- Балалар жылы
- Елбасы
- Халық санағы
- Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
- COVID
- Жолдауға - қолдау
- Аудандық әкімдікте
- Қазақстандықтар табыс жолында
- Патриоттық тәрбие
- Мемлекеттік тіл – менің тілім
- Мемлекеттік қызметтер
- Құқықтық тәрбие
- Ақпараттық топ жұмысы
- Ардагерлерге - құрмет
- Еңбек адамы
- Деніңіз сау болсын
- Тұрғындар назарына
- Мектеп өмірінен
- Ауыл хабарлары
- АӨК және бизнес
- Рухани жаңғыру
- Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
- Biz birgemiz
- Ресми
- Кәсіпкерлікті дамыту
- САЙЛАУ
- Дін
- Жемқорлықпен күрес
- Референдум
- Аудан жаңалықтары
- Истории успеха
- Тағы
Асыл жандар – шуақ боп шашылғандар
08.03.2024
Әжелер мен аналар, арулардың мерекесі қарсаңында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында ауданымыздың басшысы Абылай Сұлтанғали ауданымызға қарасты елді мекендер, аудан орталығындағы түрлі мекемелерде, жеке кәсіпкерлікте жемісті еңбек етіп жүрген аруларды, көпбалалы ана Әмина Бейсекееваны, мемлекеттік қызметкер Айнагүл Искакованы, мемлекеттік қызмет ардагері Шайза апай Түсіпбаеваны арнайы құттықтады.
- Алда келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын. Әр салада жұмыс істейтін нәзік жандыларды шақырып отырмыз. Зейнеткер апаларымыз да осы жерде. Шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесін. Қай жерде қызмет жасамасаңыздар да, еңбек еткен жерлеріңізге табыс әкелесіздер. Ең бастысы анасыздар. Өмірге сән әкеліп, ажар сыйлайсыздар. Сонымен бірге өмірге сәби әкелесіздер. Тоғыз ай бойы шыдамдылықпен оларды көтеріп жүресіздер. Осының бәрін алып жүру тек сіздердің қолдарыңыздан келеді. Ер адам үйге жұмысынан келіп, демалады. Ал аналар бір қолымен бесікті тербетіп, демалу дегенді білмейді, үйдің тіршілігімен айналысады. Бар уақытын баласына, отбасындағы адамдардың өмір сүру жайлылығына еңбектенеді. Тіршілік атаулыға мән мен мағына беретін асыл аналар, аяулы қарындастар. Бүгінгі таңда ауданымыз бойынша алты әкім нәзік жандылар қатарынан екенін атап өткім келеді. Әйел, ана деген – бақыттың көзі. Әйел адам - отбасының ұйытқысы. Сүйікті жар, қадірлі қарындас, аяулы аналарымыз, шаңырақтарыңыз бірлік пе берекеге толы болсын. Сіздерге арналған азын-аулақ сыйлығымыз бар, соларды табыс етуге рұқсат етіңіздер, - деді.
Жігіттер қауымы залда жиналған арулар мен аналарға раушан гүлі мен сыйлықтар табыс етті.
Өмірге он бір бала әкеліп, ұлын - ұяға, қызын - қияға қондырған «Алтын алқалы» ана Әмина Орынбайқызы толқыды:
- Қымбатты аналар, арулар, келіншектер. Сіздерге мерекеге орай зор денсаулық, отбасына береке мен шаттық, ашық аспан тілеймін, бақытты болыңыздар. Осындай әдемі шараны ұйымдастырған аудан, кент әкіміне рахметімді айтамын. Көпбалалы ана деп пәтер беріп жатырсыздар. Осындай қызықпен, шаттықпен келесі мерекені қарсы алайық, - деді.
Тұзды ауылындағы мектептің басшысы А.Закумбева:
- Құрметті аналар, арулар, сіздерді мерекемен құттықтаймын. Осындай әдемі күні бізді осы ғимаратқа жинап отырғаныңыз үшін Абылай Қайратқалиұлы, сізге рахмет. Бейбіт өмірде өмір сүріп, балаларымыз аман болып, бақытты ел болайық. Атқарған еңбегіміз жемісті, Халықаралық әйелдер күні құтты болсын, - деді.
Ғ.Мұстафин кентінің полиция бөлімінің қызметкері Адель Нұрмашева өзінің тәртіп сақшысы қызметіне қалайша келгенін айтып берді. Әкесі де тәртіп сақшысы, анасы мемлекеттік қызметкер, әке жолын қуып, осы қызметін абыроймен атқарып жүрген аруымыз осында отырған барлық аналар, аруларды төл мерекелерімен құттықтап, жүрегінен шыққан ақ тілектерін жолдады.
Үштөбе ауылындағы жеке меншік «Супер ботақан» балалар бақшасының меңгерушісі Мөлдір Бердалиева да осы күні әкімнің қабылдауына келген жандардың бірі. Еліміздің болашағы - жас сәбилерді өмір жолына қанаттандырып, жасынан білім мен тәрбие сіңіріп жатқан балалар мекемесінің ата-аналарға, қоғамға жасап жатқан қызметі өлшеусіз. Алдындағы әр баланың өмірге бейім болып, білімді, саналы, тәртіпті, үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсететін азамат болып өсуі үшін алтын уақыттарын арнап, маңдай терін төгіп, мына аласапыран өміріміздің жіберген қиындықтарын ұжыммен бірге жеңіп жүрген ұжымның басшысы да осы жерге келген нәзік жандыларды құттықтап, әрбір күні осындай әдемі болып жүріңіздер, мерекеміз құтты болсын, сіздерге барлық әлемнің қызығын мен шаттығын тілеймін, ер-азаматарымыз аман болсын, аудан әкіміне, ұжымына алғыс айтамын, - деді.
Көкпекті ауылында туып-өсіп, хореограф мамандығын алып, жас балаларды би өнеріне баулып, үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүрген Глафира Ларичева, мемлекеттік қызмет ардагері Шайза Молдабекқызы да аналық жүрегінен шыққан ізгі тілектерін жиналғандардың аттарына жолдап, аудан әкімдігіне, жастардан құралған ұжымға, аудан басшысы Абылай Қайратқалиұлына ақ тілегін жолдап, алғысын жеткізді.
Бұл күні ақтарылған ақ тілектерге толас болмады. Жиын соңында салтанатты шараның қатысушылары ортаға тұрып, естелік суретке түсті.
Қ.Ахметова
Д.Торжановтың суретінде: естелікке сурет.